Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Cырдария ауданы әкімдігінің 2012.03.13 N 102 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" 2008 жылғы 31 шілдедегі N 427 аудан әкімдігінің қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-8-72 санымен 02.09.2008 жылы тіркелген, "Тіршілік тынысы" газет баспасында 13.09.2008 жылы N 74 санында жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
нұсқаулықтың 20-тармақшасындағы "Сырдария аудандық почта байланыс торабы" деген сөздер "екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар" деген сөздермен;
21-тармақшасындағы "Сырдария аудандық почта байланыс торабымен" деген сөздер "екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Тәуіпбаев