Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 18 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 26 қаңтарда N 10-8-83 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2009.12.10 N 17 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШЕМІН:

      1. "Сырдария ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (М.Сулейменов келісім бойынша) тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеуді жүргізетін аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында ұйымдастыру ұсынылсын.
      2. Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп азаматтарды есепке алу, азаматтардың аудандық шақыру учаскесіне есепке тұруы үшін уақытылы және дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. "Сырдария аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Б.Досанов, келісім бойынша) тіркеуді жүргізу кезінде аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп, аудандық шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын және азаматтардың шақыру учаскесіне келуін бақылау жасап, тіркеуден бас тарту әрекеттерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
      4. "Сырдария аудандық емханасы" мемлекеттік мекемесіне (Б.Пржанова, келісім бойынша) аудандық шақыру учаскесінде азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін арнайы маман-дәрігерлер бөліп, қажетті дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Осы шешімінің орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегеноваға жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                            С. Тәуіпбаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады