Шиелі кенті "Береке" мөлтек ауданында орналасқан атау берілмеген көшеге Өмірхан Жәрімбетовтің есімін беру туралы

Жаңартылған

Шиелі кенті әкімінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 202 шешімі. Шиелі аудандық Әділет басқармасының 2008 жылы 05 қарашада N 10-9-66 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі N 3 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН: 
      1. Шиелі кентінде орналасқан аты жоқ көшеге ауданның ауылшаруашылығы саласында көп жылдар бойы абыройлы еңбек атқарған Өмірхан Жәрімбетовтің есімі берілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігі Шиелі кенті әкімінің 2010.12.28 N 1103 Шешімімен.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігі Шиелі кенті әкімінің 2010.12.28 N 1103 Шешімімен.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды кент әкімінің
орынбасары Ермахан Түменовке жүктелсін.

      Кент әкімі                              М.Молдабаев 
 
 
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады