Шиелі кенті әкімінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі "Шиелі кенті "Береке" мөлтек ауданында орналасқан атауы берілмеген көшеге Өмірхан Жәрімбетовтың есімін беру туралы" N 202 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігі Шиелі кенті әкімінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 1103 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі аудандық әділет басқармасында 2011 жылы 25 қаңтарда N 10-9-187 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шиелі кенті әкімінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі "Шиелі кенті "Береке" мөлтек ауданында орналасқан атауы берілмеген көшеге Өмірхан Жәрімбетовтың есімін беру туралы" (нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 05 қарашада N 10-9-66 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетіне 2008 жылдың 20 желтоқсанда N 104 санымен жарияланған) N 202 шешіміне төмендегі өзгеріс енгізілсін.
      1-тармағындағы "Береке" мөлтек ауданы" деген сөз алынып тасталынып, Шиелі кентінде деп оқылсын.
      2-тармағындағы 28.10.2007 жылдан бастап пайда болған қарым қатынастарға тарайды – деген сөздер алынып тасталынсын.
      2. Осы шешім алғаш рет жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау кент әкімінің орынбасары Түменов Ермахан Байназарұлына жүктелсін.

      КЕНТ ӘКІМІ                                   М.МОЛДАБАЕВ 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады