Шиелі кентіндегі атау берілмеген көшеге Әбдіразақ Борановтың есімін беру туралы

Жаңа

Шиелі кенті әкімінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 205 шешімі. Шиелі аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 05 қарашада N 10-9-67 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2006 жылғы 15 мамырдағы N 3 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шиелі кентіндегі теріскей беткейіндегі Шахмардан Есенов атындағы мешіт жанынан бастау алатын көшеге партия, совет және еңбек ардагері Әбдіразақ Борановтың есімі берілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 31.05.2006 жылдан бастап пайда болған қарым қатынастарға тарайды.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды кент әкімінің
орынбасары Ермахан Түменовке жүктелсін.

      Кент әкімі                               М.Молдабаев
 
 
 
 
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады