Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 1999 жылғы 06 сәуірдегі N 8 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Шиелі кенті, бұрынғы Бейбітшілік көшесіне, аудандық денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған Өтеген Жәленовтің есімі берілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 27.03.2006 жылдан бастап пайда болған қарым қатынастарга тарайды.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды кент әкімінің
орынбасары Ермахан Түменовке жүктелсін.
Кент әкімі М.Молдабаев