Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын және аудандық ономастикалық комиссиясының 2006 жылғы 26 маусымдағы N 4 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Ақмая ауылдық округінің, Ақмая елді мекеніндегі "Авангардтың 50 жылдық" атындағы көшені осы ауыл тұрғыны болған ақын Таубай Қирабаевтың атына берілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 24.07.2006 жылдан бастап пайда болған қарым қатынастарға тарайды.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырылсын.
Ақмая ауылдық округі әкімі С.Жандарбеков