Ақтау-Бозашы және Қарагие-Қаракөл мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдар аумағында шаруашылық қызметін шектеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 9 маусымдағы N 407 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 18 шілдеде N 2021 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 169 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.10.2020 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне , Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау-Бозашы және қарагие-қаракөл мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдар аумағында, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылары үшін шаруашылық қызметіне шектеу енгізілсін және егер қызметі, мемлекеттік табиғи-қорықша қоры объектілерінің сақталуына қауіп төндіретін болса, оның ішінде:

      әуесқойлық және кәсіпшілік аң аулаудың;

      балықты кәсіпшілік аулаудың;

      өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлерін жерсіндірудің;

      жабайы жануарлардың ұяларын, індерін, апандарын және басқа да мекендейтін орындарын бұзудың, жұмыртқаларын жинаудың және жануарлардың жойылуына әкелетін немесе құруына әкелуі мүмкін, осыған теңдей басқа да әрекеттердің;

      өсімдіктерді жағудың;

      Маңғыстау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының келісімінсіз қамыстарды қиюдың, шөп шабудың және мал жаюдың;

      Маңғыстау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының келісімінсіз механикаландырылған көліктің жолсыз қозғалысының;

      қаумалда су тоғандарының жай-күйін нашарлататын гидротехникалық имараттары құрылысының;

      жануарлар мен өсімдіктер дүниесін улайтын улы химикаттарды, тыңайтқыштарды және гербицидтерді сақтау мен қолданудың;

      тиісті жылдың 1 мамырынан бастап 1 тамызы аралығында шопандар иттерінің байланбай ұсталуының;

      экологиялық жүйеге зиянды әсер ететін объектілерді орналастырудың, жобалаудың, құрылысын салудың және пайдаланудың, жаңа технологияларды енгізудің кез- келген қызметіне жол берілмесін.

      2. Түпқараған, қарақия, Мұнайлы аудандарының әкімдері (Б.А.Шелпеков, Б.Ә.Батаев, О.Д.Қазақбаев) және облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Б.А.Бисенов) Ақтау-Бозашы және қарагие-қаракөл мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қорықшалардың аумақтарында:

      жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалықтар белгілеу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ө. Трұмовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Қ. Көшербаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады