Донорларды қосымша көтермелеу жөніндегі Нұсқаулық туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 10/123 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы N 2236 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2009 жылғы 12 қаңтарда N 2038 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы мәслихатының 2010 жылғы 06 ақпандағы № 22/266 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы мәслихатының 2010.02.06 №  22/266 шешімімен
      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 1 - 1 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Донорларды қосымша көтермелеу жөніндегі Нұсқаулық" бекітілсін.
      2. Осы шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         Облыс әкімі
      Ж.Сүйінов                               Қ.Көшербаев

      Облыстық мәслихат хатшысы
      Б. Шелпеков

Облыстық мәслихаттың
2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 10/123
шешімімен және облыстық әкімдіктің
2008 жылғы 9 желтоқсандағы
N 2236 қаулысымен бекітілген

Донорларды қосымша көтермелеу туралы
Нұсқаулық

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңын, облыстық мәслихатының 2008 жылғы 16 мамырдағы N 5/70 шешімімен бекітілген "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған Өңірлік бағдарламасын" іске асыру мақсатында әзірленген және донорларды көтермелеудің қосымша түрлерін анықтайды.
      2. Көтермелеудің қосымша түрлеріне қайтарымсыз донорлар, сирек қан тобының донорлары, плазма донорларының құқығы бар.
      3. Донорларды көтермелеудің қосымша түрлері азаматтарды донорлар қатарына тарту және донордың міндетін атқару кезінде денсаулығын сақтауға кепілдік беру мақсатында ұсынылады. Донорларды көтермелеудің қосымша түрлері:
      1) сирек кездесетін қан тобының донорларына (резус - теріс) 1 рет қан тапсырғаны үшін 3 айлық есептік көрсеткіш (әрі қарай - ЕАК) өтемақы мөлшерінде;
      2) қайтарымсыз донорларға 0,25 ЕАК мөлшерінде;
      3) плазма донорларын ақысыз тамақтандыру 0,25 ЕАК мөлшерінде;
      4)донорларды емдеу - алдын алу мекемелерінде кезексіз қабылдау.
      4.Донорларды көтермелеудің қосымша түрлерін ұсыну Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының уәкілетті органы (әрі қарай – Уәкілетті орган) "Облыстық қан орталығы" Мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорыны (әрі қарай – "Облыстық қан орталығы" МКҚК) арқылы жүзеге асырылады.
      5. "Облыстық қан орталығы" МКҚК көтермелеудің қосымша түрлерін алған донорларды есепке алуды жүргізеді және тоқсан сайын бөлінген қаржының пайдалануы туралы уәкілетті органға есеп береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады