РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабы 5) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының астанасы ? Астана қаласының 10 жылдық мерейтойының тойлауына байланысты Ақтау қаласы әкімі жанындағы ардагерлер кеңесінің, Маңғыстау облыстық "Халық келісімі" қоғамдық бірлестігінің Ақтау қаласы әкімдігі ғимараты алдындағы алаңды "Астана алаңы" деп атау туралы ұсыныстарын қарап және Ақтау қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 16.03.2017 № 7/84 шешімі мен Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 16.03.2017 № 528 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1.Ақтау қаласы әкімдігі ғимараты алдындағы алаң "Астана алаңы"деп аталсын.
2. Осы шешім мен қаулы оларды ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
А. Сейдалиев |
Қала әкімі |
С.Бекбергенов |
Қалалық маслихатхатшысы |
Ж. Матаев |