Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы №34/235 "Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 ақпандағы № 38/261 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 наурызда № 2978 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 45/336 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 26.06.2020 № 45/336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386 бабының 5 тармағына және 444 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабының 1 тармағының 91) және 92) тармақшаларына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №10-11-149 ақпараттық хатының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы № 34/235 "Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2874 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қарашада "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Түпқараған аудандық мәслихатының аппаратының басшысы

      (А. Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының бюджеттік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А. Шарипов) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Шарипов
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Түпқараған ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Өтепбергенова
1 ақпан 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық ауыл
шаруашылығы және ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
А.Жұмағазиев
1 ақпан 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
И.Науханов
1 ақпан 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады