Ескерту. Күші жойылды Ақтау қаласының әкімдігінің 2010.09.22 № 826 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтьік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік қорғалу санаттарындағы азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектердің жеке түрлерінің төлемін белгілеу, оның ішінде:
тоқсандық әлеуметтік көмек;
әлеуметтік көмек.
2. Тоқсандық әлеуметтік көмек электр энергиясы, нан және негізгі азық-түліктерге баға көтерілуіне байланысты төленеді, әлеуметтік көмек әлеуметтік қорғалу санаттарындағы азаматтарға қосымша шара ретінде төленеді.
3.Әлеуметтік көмектердің жеке түрлерін тағайындау және төлеуге уәкілетті орган Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар (бұдан әрі - уәкілетті орган) бөлімі болып табылады.
4. Төлем қалалық бюджет арқылы жүзеге асырылады және "Қазақстан Халық банкі" Ашық Акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалы (бұдан әрі - Банк) мен "Казпошта" (бұдан әрі Пошта) Ашық Акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалы арқылы жүзеге жүргізіледі.
5. Әлеуметтік қорғалу санаттарындағы азаматтарға әлеуметтік көмектердің жеке түрлері көрсетілетін төлем кезеңдері, азаматтар санаттары, шекті мөлшері Маңғыстау облысы әкімдігінің 28 ақпан 2008 жылғы N 164 қаулысымен белгіленген.
6.Уәкілетті орган ай сайын жасына, мүгедектігіне, асырушысынан айрылуына (балаларына), Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер, жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың қайта неке тұрмаған жесірлеріне төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындардың Республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Маңғыстау облыстық филиалының жиынтық базасы негізінде тізімдерді ай сайын салыстыра тексереді.
7. Жалғызілікті зейнеткерлерге төленетін әлеуметтік көмек зейнеткерлік жасына жеткен тұлғаларға зейнетақымен қамсыздандыру заңнамаларына және азаматтарды тіркеу кітабына сәйкес бір өзі тұратындарға төленеді, ерлі-зайыптылар жеке-жеке тұлға ретінде есептеледі.
Тағайындауға қажетті құжаттар:
1) азаматтарды тіркеу кітабы;
2) алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;
4) Банк немесе Поштадағы арнайы есеп шотының нөмірі.
8. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды негізге ала отырып он жұмыс күн ішінде жалғызілікті зейнеткерлерге әлеуметтік көмектің тағайындалуы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы көшірмесімен ұсынылады, соңынан түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
9. Азаматтардың дербес іс-қағаздары ұсынылған құжаттар негізінде уәкілетті органмен жасақталады және жыл сайын азаматтар мен аударылған әлеуметтік көмек туралы мәліметтермен толықтырылып отырылады.
10. Жалғызілікті зейнеткерлерге төленетін әлеуметтік көмек алушылар тапсырған құжаттарының дұрыстығына жауапты.
11. Уәкілетті орган әлеуметтік және тоқсандық әлеуметтік көмекті алушының мекен-жайы бойынша есеп шотына аударады.
12. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Т.К. Хитуовке жүктелсін.
13. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Бекбергенов
"КЕЛІСІЛДІ":
Қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінін бастығы______________Айтбатырова К.М.
"_____" _______________2008жыл