РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Сарға ауылы халқының пікірін ескере отырып Сарға ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сарға ауылы әкімінің 10.07.2017 № 60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Сарға ауылының бірінші және екінші аймақтарын бөліп жатырған шығыстан батысқа қарай орналасқан жетінші көшеге соғыс және еңбек ардагері Есбосынов Болысбай есімі берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сарға ауылы әкімінің 10.07.2017 № 60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне және алғаш ресми жарияланған 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі: | А.Ізбасаров |