Ескерту. Шешімнің тақырыбы қазақ тіліндегі "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сарға ауылы әкімінің 11.01.2022 № ПИ-74982 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы №40 және Маңғыстау облыстық маслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы №7/95 "Бейнеу ауданының әкімшілік аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3309 болып тіркелген) бірлескен қаулы мен шешіміне сәйкес ШЕШТІМ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сарға ауылы әкімінің 11.01.2022 № ПИ-74982 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Сарға селолық округі әкімінің 2008 жылғы 14 қазандағы № 83 "Жаңа көшеге ат беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-3-64 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 қарашада № 48(1863) "Рауан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Сарға ауылы халқының пікірін ескере отырып Сарға ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сарға ауылының бірінші және екінші аймақтарын бөліп жатырған шығыстан батысқа қарай орналасқан жетінші көшеге соғыс және еңбек ардагері Есбосынов Болысбай есімі берілсін.
2. "Сарға ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман Н. Айдарханова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | М. Болысов |