Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатнастары туралы" Заңының 97 бабының 1-2-тармағына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШЕДІ:
1.Жеке тұрғын үй қорындағы немесе жалға берілген тұрғын үйлерді пайдаланылғаны үшін азаматтардың белгілі бір санаттарының шығыстарын бюджет қаражаты есебінен төлеу мақсатында азаматтардың тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындарына, олардың табыстарына қарамастан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, әділет органдары беретін тұрғын үй кітапшасы бойынша тұрғылықты жерінде өзінен басқа адам тұрмайтын жалғызілікті зейнеткерлерге - 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде тұрғын үй көмегі төленсін.
Тұрғын үй көмегі Маңғыстау облысының әкімдігінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 164 "Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлері туралы" Манғыстау облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 28 наурыздағы № 2007 реттік номермен тіркелген қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек есебінен төленсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 20/154 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы" (Манғыстау облысының әділет департаменті Бейнеу ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 11-3-15 номерімен тіркелген "Рауан" газетінің 2006 жылғы 16 ақпандағы № 7 (1719) номерінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3.Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е.Себепбаев |
Аудандық маслихат | |
хатшысы | Р.Шалбаев |
"Келісілді"
"Бейнеу аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Өмірбеков
13 желтоқсан 2008 жыл