Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектер жүйесін ретке келтіру туралы

Күшін жойған

Бейнеу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 қарашадағы № 32/192 шешімі. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 қаңтарда № 11-3-107 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 6/42 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы мәслихатының 2012.07.24 № 6/42 шешімімен
       Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдары мен 2010 жылдың 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік көмектер жүйесін ретке келтіру тапсырмасына қатысты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2010 жылғы 15 қарашадағы № 01-05/1785 ұсынысына сәйкес жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмектер жүйесін жетілдіру, олардың түрлері мен мөлшерін реттеп аудан бойынша төленетін әлеуметтік көмектердің бірегейлігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық маслихат ШЕШЕДІ:
      1. Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына көмектердің (бұдан әрі – Көмек) түрлерінің тізілімі, мерзілімдігі және мөлшері осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Көмекті төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады деп белгіленсін.
      3. Үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларға, дүниежүзілік қарттар күніне орай, жоғары оқу орнындағы оқу ақысын төлеуге берілетін әлеуметтік және ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға, азаматтардың өтініш - арыздары бойынша берілетін біржолғы материалдық көмектерді алушыларды қоспағандағы тұлғаларға Көмектер қосымшада белгіленген мерізімде Бейнеу аудандық зейнетақы төлеу орталығынан сұратып алған тізімдер негізінде, алушылардың мекен-жайы бойынша жеке есеп шотына аударылады.
      4. Үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларға (қосымша № 2), дүниежүзілік қарттар күніне орай (қосымша № 3), ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға (қосымша № 4), азаматтардың өтініш-арыздары бойынша (қосымша № 5) берілетін көмектерді төлеу ережелері бекітілсін.
      5. Жоғарғы оқу орнындағы оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек облыс әкімдігінің 2006 жылғы 26 маусымындағы № 200 Қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүргізіледі.
      6. Көмектің мерізімінде төленуін Уәкілетті орган қадағалайды.
      7. Бейнеу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 13 желтоқсанындағы № 12/80 «Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына тұрғын үй көмегін тағайындау туралы» және 2010 жылғы 25 маусымындағы № 28/173  «Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектің жекелеген түрлері туралы»шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
      8. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         Б.Айтыманов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                 Р.Шалбаев

      «Келісілді»
      «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесі
      Б.Өмірбеков
      30 қараша 2010 жыл.

Бейнеу ауданы мәслихатының
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 32/192 шешіміне № 1 қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Бейнеу аудандық мәслихатының 2011.09.19 № 46/268 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

Бейнеу ауданы бойынша азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына көрсетілетін көмек түрлерінің тізілімі, мерзілімдігі және мөлшері

Бюджет-
тік бағдар-
лама
Әлеумет-
тік көмектер-дің түрлері
Әлеуметтік көмек алушы азаматтардың санаттары әлеуметтік көмектің мөлшері Төлеу мерзімі/
мерзімді-
лігі

010

Үйден оқып және тәрбиеле-
нетін бала кезден мүгедек балаларға әлеуметтік көмек

Үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балалар

5 АЕК

ай сайын

006

Тұрғын үй көмегі

Мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар

1 АЕК

ай сайын

Коммуналдық шығын төлемдерінің ақысы жанбасылық табыстан артық отбасылар

мұқтаждығы-на қарай

ай сайын

007

Тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек

Мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар

1,5 АЕК

тоқсан сайын

Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылар

1,5 АЕК

тоқсан сайын

004

Ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу үшін берілетін біржолғы материалдық көмек

Ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік сала мамандары

12,0 мың теңге

жыл сайын

007

Азаматтардың өтініш-арыздары бойынша берілетін біржолғы материалдық көмек

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары

жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде

мұқтаждығы-на қарай

007

9 Мамыр – Жеңіс күні мерекесі құрметіне берілетін әлеуметтік көмек

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

100,0 мың тенге

Жыл сайын

Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар

60,0 мың теңге

Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар

50,0 мың теңге

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлері

40,0 мың теңге

Ұлы Отан соғысы жылдары жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдарімен марапатталған және

1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендер(қызмет еткендер) және тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдарімен марапатталмаған адамдар

10,0 мың теңге

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген-
дердің басқа да санаттары, 1988, 1989 жылдары Чернобыль АЭС-дағы апатың зардабын жоюға катысушылар (Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлерінен басқа)

20,0 мың теңге

007

Конститу-
ция күні мерекесі құрметіне берілетін әлеуметік көмек

Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылар

2 АЕК

Жыл сайын

Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлер

60 АЕК

Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлер

36 АЕК

007

Дүниежүзі-лік мүгедектер күніне берілетін әлеуметтік көмек

Барлық топтағы мүгедектер мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

2 АЕК

Жыл сайын (қазан)

007

Дүниежүзі-лік қарттар күні күніне берілетін әлеуметтік көмек

70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлер

2 АЕК

қазан

007

Жоғары оқу орнындағы оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек

Облыс әкімінің гранты негізінде білім алушы халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын студенттер

оқу ақысы және ай сайынғы стипендия

Оқу ақысы – жыл сайын, стипендия – ай сайын

Бейнеу ауданы маслихатының
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 32/192 шешіміне № 2 қосымша

Үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларды
материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу Е Р Е Ж Е С І

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына және «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне» сәйкес үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін ақшалай түрде берілетін әлеуметтік көмек (бұдан әрі – Көмек).
      2. Көмек үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балалардың жалпы немесе орта арнаулы мектепке дейінгі мекемелерде және оқу орындарында оқыту және тәрбиелеу мүмкін болмаған жағдайда тағайындалады. Көмек психологиялық – медициналық педогогикалық кеңестің (бұдан әрі - ПМПК) анықтамасында белгіленген оқу жылына ата-аналарының біреуіне немесе қамқоршысына өтініш берген айынан бастап төленеді.
      3. Көмекті төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      4. Жергілікті бюджеттен қаржыландыруды жүзеге асыратын «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Экономика және қаржы бөлімі).
      5. «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып саналады (бұдан әрі - Уәкілетті орган).
      6. Көмекті төлеу өтініш берушілердің жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.

2. Тағайындау тәртібі

      7. Көмек алуға құқығы бар азаматтар тұратын жері бойынша қажетті құжаттармен Уәкілетті органға өтініш береді. Өтінішке қоса мына құжаттар тапсырылады:
      1) өтініш берушінің жеке куәлігі көшірмесі;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН) көшірмесі;
      3) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) көшірмесі;
      4) азаматтарды тіркеу кітабы көшірмесі;
      5) баланың тууы туралы немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
      6) халықты әлеуметтік қорғау орталық атқарушы органының аумақтық бөлімшесінен мүгедектігі туралы анықтама;
      7) ПМПК анықтамасы;
      8) банк немесе поштадағы жеке есеп шот нөмірі көшірмесі.
      8. Көмекті тағайындау және төлеуге Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар негізінде көмектің тағайындалуы немесе тағайындалмауы туралы шешім шығарады.
      9. Өтініш беруші азаматтар ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына толықтай жауап береді. Төлем жүргізілгеннен кейін әлде бір заң бұзушылық немесе шүбәлі мәліметтер анықталған жағдайда, заңсыз төленген сома заңнамамен белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғалардан өндіріліп алынады.
      10. Көмек мөлшері жыл сайын статистика органдары, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі ұсынған әдістеме бойынша тұтыну құнының инфляция индексін есепке ала отырып белгіленеді.

3. Қаржыландыру және төлеу

      11. Уәкілетті орган ағымдағы айдың 25-не дейін Көмек төлеу тізімін жасайды.
      12. Экономика және қаржы бөлімі қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын көмек төлеуге қаржы бөледі.
      13. Ақша қаражатының келіп түсуіне қарай уәкілетті орган алатын адамдардың тізіміне сәйкес көмек төлеуді жүргізеді. Осымен бір мезгілде қызмет көрсетілімі үшін банкке немесе поштаға комиссиондық сыйақы сомасы аударады.

4. Есеп пен есептілікті жүргізу

      14. Уәкілетті орган әр айдың 1 - ші жұлдызында белгіленген нысандағы есебінде тағайындалған және төленген көмек сомасы туралы Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ақпарат ұсынады.
      15. Төлеу жүргізілген кейінгі айдың 5 - ші жұлдызынан кешіктірілмей, көмек тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган төленген сомалар бойынша банкімен немесе поштамен кесім - салыстырулар жасайды.
      16. Қаражаттың тағайындалуы, төленуі, мақсатқа сай жұмаслуының дұрыстығын бақылауды Экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.

5.Жауапкершілік

      17. Өтінішпен хабарласқан азаматтар тапсырған ақпаратының сенімділігі үшін толық жауапкершілік артады. Жасалған төлемдерден кейін бұзулар анықталған жағдайда, заңсыз төленген сомалар кінәлі адамдардан қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіпте өндіріледі және жауаптылыққа тартылады.

Бейнеу ауданы маслихатының
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 32/192 шешіміне № 3 қосымша

Дүниежүзілік қарттар күніне берілетін
әлеуметтік көмек туралы Е Р Е Ж Е

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес дүниежүзілік қарттар күніне берілетін әлеуметтік көмек көрсету тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ереже

      1. Әлеуметтік көмек 70 (жетпіс) жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлерге ақшалай түрде берілетін көмек (бұдан әрі – Көмек).
      2. «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып саналады (бұдан әрі - Уәкілетті орган).
      Жергілікті бюджеттен қаржыландыруды жүзеге асыратын «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Экономика және қаржы бөлімі).
      3.Көмекті төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      4. Көмекті төлеу өтініш берушілердің жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.

2. Тағайындау тәртібі

      5. Көмек алуға құқығы бар азаматтар Уәкілетті органға өтініш береді. Уәкілетті орган 70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлерге әділет органы беретін азаматтарды тіркеу кітабы бойынша немесе жергілікті атқарушы органдардың анықтамасы бойынша тұрғылықты жерінде өзінен басқа адам тұрмайтын жалғызілікті зейнеткер екендігін анықтап, іс-қағаздарын төмендегі құжаттардың:
      1) өтініш берушінің жеке куәлігі көшірмесі;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН) көшірмесі;
      3) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) көшірмесі;
      4) азаматтарды тіркеу кітабы көшірмесі немесе жергілікті атқарушы органдардың анықтамасы;
      5) банк немесе поштадағы жеке есеп шот нөмірі көшірмесі
      Алушының мәртебесін растайтын құжаттардың түпнұсқаларымен салыстыра отырып жасақтайды.
      6. Көмекті тағайындау және төлеуге Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар негізінде көмектің тағайындалуы немесе тағайындалмауы туралы шешім шығарады.
      7. Өтініш беруші азаматтар ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына толықтай жауап береді. Төлем жүргізілгеннен кейін әлде бір заң бұзушылық  немесе шүбәлі мәліметтер анықталған жағдайда, заңсыз төленген сома заңнамамен  белгіленген тәртіппен кінәлі  тұлғалардан өндіріліп алынады.
      8. Дүниежүзілік қарттар күніне Көмек жылына бір рет 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді.

3. Қаржыландыру және төлеу

      9. Уәкілетті орган қыркүйек айының 5 - ші жұлдызына дейін Көмек төлеу тізімін жасайды.
      10. Экономика және қаржы бөлімі қаржыландыру жоспарына сәйкес  көмек төлеуге қаржы бөледі.
      11. Ақша қаражатының келіп түсуіне қарай уәкілетті орган алатын адамдардың тізіміне сәйкес көмек төлеуді жүргізеді. Осымен бір мезгілде қызмет көрсетілімі үшін банкке немесе поштаға комиссиондық сыйақы сомасы аударады.

4. Есеп пен есептілікті жүргізу

      12. Уәкілетті орган қарашаның 1 - ші жұлдызында белгіленген нысандағы есебінде тағайындалған және төленген көмек сомасы туралы Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ақпарат ұсынады.
      13. Төлеу жүргізілген кейінгі айдың 5 - ші жұлдызынан кешіктірілмей, көмек тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган төленген сомалар бойынша банкімен немесе поштамен кесім - салыстырулар жасайды.
      14. Қаражаттың тағайындалуы, төленуі, мақсатқа сай жұмсалуының дұрыстығын бақылауды Экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.
 

5.Жауапкершілік

      15. Өтінішпен хабарласқан азаматтар тапсырған ақпаратының сенімділігі үшін толық жауапкершілік артады. Жасалған төлемдерден кейін бұзулар анықталған жағдайда, заңсыз төленген сомалар кінәлі адамдардан қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіпте өндіріледі және жауаптылыққа тартылады.

Бейнеу ауданы маслихатының
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 32/192 шешіміне № 4 қосымша

Ауылдық жерлерде тұратын және әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу үшін берілетін бір жолғы материалдық көмек тағайындау және төлеу туралы Е Р Е Ж Е

      Осы Ереже ауылдық жерлерде тұратын білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік ұйымдары мамандарының отын сатып алуы үшін біржолғы материалдық көмек көрсету тәртібін белгілейді.

1.Жалпы ереже

      1. Бір жолғы материалдық көмек ауылдық жерлерде тұратын білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік ұйымдары мамандарының отын сатып алуы үшін ақшалай түрде берілетін көмек (бұдан әрі – Көмек).
      2. «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бір жолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып саналады (бұдан әрі – Уәкілетті орган).
      3. Жергілікті бюджеттен қаржыландыруды жүзеге асыратын «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Экономика және қаржы бөлімі).

2.Бір жолғы материалдық көмекті тағайындау тәртібі

      4. Көмек «Қазақстан Республикасында ауылды (селоны) және агроөнеркәсіп кешені басым дамыту туралы»  Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 13 ақпандағы Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 қарашадағы № 484-1 Заңын іске асыру негізінде жүзеге асырылады.
      5. Көмек жылына бір рет, білім беру, денсаулық сақтау,  мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік ұйымдары мамандарының төмендегі тізбесіне сәйкес тағайындалады;
      Білім беру мекемелерінде:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулысымен бекітілген «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдары тізбесіне» сәйкес.
      Денсаулық сақтау мекемелерінде:
      - қызмет атауына қарамастан дәрігерлер, провизорлар, жоғары медициналық емес білімі бар дәрігерлік қызметпен айналысатын адамдар;
      - қызмет атауына қарамастан орта медицианлық және фармацевтік персонал;
      - дәріхана ұйымдарын қоса алғанда, денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары;
      - денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс атқаратын тиісті білімі бар педагогтер мен тәрбиешілер.
      Мәдениет мекемелерінде:
      - директор, директордың орынбасары, көркемдік жетекші, бас (инженер, қор сақтаушы, суретші, сәулетші, директор, хормейстер, балетмейстер, режиссер), негізгі қызмет бойынша бөлімдердің және секторлардың меңгерушілері, негізгі қызмет бойынша бас мамандар, бюролар, зертханалар, шеберханалар, цехтар, жылжымалы көрмелер, секциялар, бос уақыт жұмыс объектілері, кабинет меңгерушілері, бас әкімші, кітапханашылар, әдістемешілер, экскурсия жүргізушілер, лекторлар, ихтиологтар, киномеханиктер.
      Халықты әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінде:
      - әлеуметтік – мәдени мекемелердің жоғарыда санамалап көрсетілген мамандары, аумақтық әлеуметтік көмек орталықтары бөлімдерінің меңгерушілері, қызметкерлері;
      - «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және азаматтық қызметкерлері.
      6. Көмек алушылардың тізімі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және халықты әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері мен ұйымдарында жасақталып, басшыларының қолы қойылып, мөрі басылып куәландырылған тізім негізінде ұсынылады. Алушылар тізімінде келесі мәліметтер енгізіледі:
      - тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлік бойынша, толық);
      - атқаратын қызметі;
      - жеке куәлік нөмірі, берілген уақыты, ЖСК (жеке сәйкестендіру коды);
      - салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН);
      - әлеуметтік жеке коды (ӘЖК);
      - жеке есеп шоты.

3.Бір жолғы материалдық көмекті қаржыландыру және төлеу

      7. Уәкілетті орган Көмекті төлеуге ақшалай қаражаттығы сұраныс жөніндегі тапсырыстарды жасайды және оларды Экономика және қаржы бөліміне береді.
      8. Осы Ережеге сай, қаржыландыру жоспарларына сәйкес Экономика және қаржы бөлімі көмекті төлеуге арнап Уәкілетті органға қаржыландыруды жүргізеді.
      9. Ақша қаражатының келіп түсуіне қарай Уәкілетті орган алушылардың тізіміне сәйкес жеке есеп шотына Көмек төлеуді жүргізеді. Осымен бір мезгілде қызмет көрсетілімі үшін банкке немесе поштаға комиссиондық сыйақы сомасы аударылады.
      10. Төлеу жүргізілген кейінгі айдың 5-ші жұлдызынан кешіктірілмей, Көмек тағайындау және төлеу жөніндегі Уәкілетті орган төленген сомалар бойынша банкімен немесе поштамен кесім - салыстырулар жасайды.
      11. Қаражаттың тағайындалуы, төленуі, мақсатқа сай жұмсалуының дұрыстығын бақылауды Экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.

4.Жауапкершілік

      12.Көмек алушылар тізімінің дұрыстығына тізімді жасақтап, тапсырған мекемелер мен ұйымдардың басшылары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа тартылады.

Бейнеу ауданы маслихатының
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 32/192 шешіміне № 5 қосымша

Азаматтардың өтініш - арыздары бойынша берілетін
бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы Е Р Е Ж Е

      Осы Ереже аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмекті көрсету тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ереже

      1. Бір жолғы материалдық көмек азаматтардың өтініш - арыздары бойынша өтініштік түрге ие, аз қамтамасыз етілген отбасыларына және  аса мұқтаж азаматтарға ақшалай түрде берілетін көмек (бұдан әрі – Көмек).
      2. Аудан әкімі (бұдан әрі - Әкім) жергілікті деңгейде әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі шараларды тікелей жүзеге асырады.
      «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бір жолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып саналады (бұдан әрі - Уәкілетті орган).
      Жергілікті бюджеттен қаржыландыруды жүзеге асыратын «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Экономика және қаржы бөлімі).
      3. Көмек беру туралы өтініш-арыз аудан әкімінің атына аз қамтамасыз етілген отбасыларын есепке алу жөніндегі әлеуметтік картаның көшірмесімен және өтініш - арыз негізін растайтын басқа да құжаттармен бірге беріледі. Уәкілетті орган өтініш - арыз  берушінің сұрауы бойынша әлеуметтік картаның көшірмесін беруге міндетті.
      4. Әкім  Көмек көрсету туралы шешім (қарар салумен) қабылдайды. жергілікті бюджетте көрсетілген мақсатқа болмаған жағдайда өтініш-арыз кейінгі мерзімдерде қарауға жатады.
      5. Көмек тағайындау туралы қарар салынған, Әкім арқылы қаралған өтініштер-арыздар оны өтініш-арыз жасаған адамға төлеу үшін Уәкілетті органға жіберіледі.

2. Бір жолғы материалдық көмекті көрсету шарттары мен тәртібі

      6. Көмекті тағайындау кезінде негіз үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылғы 13 ақпандағы № 31 - ө бұйрығымен бекітілген «Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесіне» сәйкесті есептелетін аз қамтамасыз етілген отбасының жиынтық табысы алынады.
      7. Көмекке құқықпен, отбасы мүшесінің жиынтық табысы аймақ бойынша белгіленген кедейлік деңгейінен төмен болған аз қамтамасыз етілген отбасылар және аса мұқтаж азаматтар пайдаланады.
      8. Көмек аз қамтамасыз етілген отбасына және аса мұқтаж азаматтарға өтініші-арыз бойынша күнтізбелік жылда бір реттен жиі емес тағайындалады және олар:
      - отбасы мүшелерінен біреу қайтыс болған;
      - қатаң ауырған, операция жасататын, облыс шегінен шығып, емделуге кететін;
      - зардап шеккен отбасына материалдық шығын келтірген өрт болған;
      - отбасында немесе азамат басында басқа бақытсыз оқиғалар болған жағдайларда тағайындалады.
      9.Көмек мөлшері:
      - аз қамтамасыз етілген отбасыларына 10 (он) айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде;
      - аса мұқтаж азаматтарға, отбасыларға 24 (жиырма төрт) айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде жергілікті жерлердегі учаскелік комиссиялардың ұсыныстары негізінде Уәкілетті орган айқындайды.

3. Бір жолғы марериалдық көмекті қаржыландыру және төлеу
 

      10. Аз қамтамасыз етілген отбасына немесе аса мұқтаж азаматтарға көмек көрсету туралы Әкімінің қарары қойылған өтініштер - арыздар болған жағдайда, Уәкілетті орган оларды тағайындауды жүзеге асырады.
      Уәкілетті орган ай сайын он күндіктер бойынша нақты тағайындалған Көмекті төлеуге ақшалай қаражаттағы сұраныс жөніндегі тапсырыстарды жасайды және оларды жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру үшін Экономика және қаржы бөліміне береді.
      11. Осы Ережеге сай, қаржыландыру жоспарларына сәйкес және өтінімдердің негізінде Экономика және қаржы бөлімі көмекті төлеуге арнап Уәкілетті органға қаржыландыру жүргізеді.
      12. Ақша қаражатының келіп түсуіне қарай Уәкілетті орган алатын адамдардың тізіміне сәйкес Көмек төлеуді жүргізеді. Осымен бір мезгілде қызмет көрсетілімі үшін банкке  немесе поштаға комиссиондық сыйақы сомасы аударылады.
      13. Көмекті төлеу жеке куәлігін көрсетуі бойынша өтініш-арыз берушінің жеке өзіне жүргізіледі.
      14. Төлеу жүргізілген кейінгі айдың 5 - ші жұлдызынан кешіктірілмей, Көмек тағайындау және төлеу жөніндегі Уәкілетті орган төленген сомалар бойынша банкімен немесе поштамен кесім - салыстырулар жасайды.
      15. Қаражаттың тағайындалуы, төленуі, мақсатқа сай жұмсалуының дұрыстығын бақылауды Экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.

4.Жауапкершілік

      16. Өтінішпен-арызбен хабарласқан азаматтар тапсырған ақпаратының сенімділігі үшін толық жауапкершілік артады. Жасалған төлемдерден кейін бұзулар анықталған жағдайда, заңсыз төленген сомалар кінәлі адамдардан қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіпте өндіріледі және жауаптылыққа тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады