Жаңа көшелерге есімдер беру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы әкімінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 509 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаменті Бейнеу ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 11 тамызда № 11-3-60 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы әкімінің 06.03.2018 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Бейнеу ауылының 5 ауыл бөлігіндегі Есекмерген батыр көшесінен кейінгі жаңа көшеге "Сүйінқара батыр",

      Б.Майлин көшесімен Қ.Сәтбаев көшесі аралығындағы жаңа көшеге "Рзаевтар",

      Б.Майлин көшесіне бағыттас батыс бөлігіндегі жаңа көшеге "Қайдақ" есімі,

      "Бейнеу ауданының әкімдігінің "Манашы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен "Қиғаш-Ақтау-Бейнеу" су құбырына дейінгі аралықтағы жаңа көшенің бірінші қатары "Сүгір Бегендікұлы" есімі,

      екінші қатары "Достық",

      үшінші қатары "Ынтымақ",

      төртінші қатары "Бірлік",

      бесінші қатары "Білеулі",

      алтыншы қатары "Белдеулі",

      жетінші қатары "Жезді",

      сегізінші қатары "Аспантай" есімдері

      және Сүгір Бегендікұлы көшесінің солтүстік бағытында орналасқан жаңа көшеге "Матай" есімі, Бейнеу ауылының 3 ауыл бөлігіндегі Тоқабай Құрмаш Қосжанұлы көшесінен кейінгі бағыттас жаңа көшенің бірінші қатары "Шағырлы",

      екінші қатары "Тасастау",

      үшінші қатары "Көлтабан"

      төртінші қатары "Жиделі" есімдері берілсін.

      Ескерту. 1 - тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы әкімінің 06.03.2018 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Село әкімінің
      міндетін атқарушы: А.Сейілханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады