Бейнеу ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы әкімінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 245 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 наурызда № 3542 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 40 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы №7/95 "Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3309 болып тіркелген) сәйкес, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бейнеу ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б.Қанатов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу ауылы әкімінің орынбасары С.Кукшеевке жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі С.Қалдығараев

  Бейнеу ауылы әкімінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 245 шешіміне қосымша

Бейнеу ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Бейнеу ауылы әкімінің 2008 жылғы 25 шілдедегі №509 "Жаңа көшелерге есімдер беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-3-60 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 қыркүйектегі "Рауан" газетінде жарияланған) шешімінде:

      кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1 тармақта:

      бірінші сөйлем келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Бейнеу ауылының 5 ауыл бөлігіндегі Есекмерген батыр көшесінен кейінгі жаңа көшеге "Сүйінқара батыр",";

      үшінші абзац келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейнеу ауданының әкімдігінің "Манашы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен "Қиғаш-Ақтау-Бейнеу" су құбырына дейінгі аралықтағы жаңа көшенің бірінші қатары "Сүгір Бегендікұлы" есімі,";

      он бірінші абзац келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "және Сүгір Бегендікұлы көшесінің солтүстік бағытында орналасқан жаңа көшеге "Матай" есімі, Бейнеу ауылының 3 ауыл бөлігіндегі Тоқабай Құрмаш Қосжанұлы көшесінен кейінгі бағыттас жаңа көшенің бірінші қатары "Шағырлы",".

      2. Бейнеу ауылы әкімінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы №781 "Жаңа көшелерге есімдер беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-3-67 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтардағы "Рауан" газетінде жарияланған) шешімінде:

      кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1 тармақта:

      бірінші сөйлем келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "1.Бейнеу ауылының 5 ауыл бөлігіндегі Аспантай көшесінен кейінгі жаңа көшенің бірінші қатары Уейіс Қайралапов;".

      3. Бейнеу ауылы әкімінің 2009 жылғы 6 ақпандағы №38 "Жаңа көшелерге есімдер беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-3-73 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 наурыздағы "Рауан" газетінде жарияланған) шешімінде:

      кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1 тармақта:

      бірінші сөйлем келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Бейнеу ауылының атамекен шағын ауданындағы Қаржаубай Жылқыбаев көшесінен кейінгі жаңа көшенің";

      бірінші, екінші, үшінші абзацтар келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "бірінші қатары: "Бейнеу-Ақтау" темір жол бетінен бастап Бейнеу ауданының әкімдігінің "Атамекен орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен және одан "Қиғаш-Ақтау-Бейнеу" су құбырына дейінгі аралыққа "Тұрыш ата" есімі;

      екінші қатары: "Бейнеу-Ақтау" темір жол бетінен бастап Бейнеу ауданының әкімдігінің "Атамекен орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен және одан "Қиғаш-Ақтау-Бейнеу" су құбырына дейінгі аралыққа "Қарақоға" есімі;

      үшінші қатары: "Бейнеу-Ақтау" темір жол бетінен бастап Бейнеу ауданының әкімдігінің "Атамекен орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен және одан "Қиғаш-Ақтау-Бейнеу" су құбырына дейінгі аралыққа "Қарағайлы" есімі;".

      4. Бейнеу ауылы әкімінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №347 "Жаңа көшелерге есімдер беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-3-83 болып тіркелген, 2009 жылғы 8 қазандағы "Рауан" газетінде жарияланған) шешімінде:

      кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1 тармақта:

      бірінші сөйлем келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейнеу ауылының 5 ауыл бөлігіндегі Сүйінқара батыр көшесінен кейінгі бағыттас жаңа көшелердің".

      5. Бейнеу ауылы әкімінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы №13 "Көше атын өзгерту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-3-96 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 ақпандағы "Рауан" газетінде жарияланған) шешімінде:

      1 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Бейнеу ауылындағы Біләл Қалиев көшесінің аты Тәуелсіздік даңғылы болып өзгертілсін.".

      6. Бейнеу ауылы әкімінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №448 "Көшелерге атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2733 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінде:

      мемлекеттік тілдегі кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:

      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2015 жылғы 27 қаңтардағы Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1 тармақта:

      мемлекеттік тілдегі бірінші сөйлемі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:

      "1. Бейнеу ауылының Атамекен шағын ауданының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады