Мұнайшы кентіндегі жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған шағын аудандарға атау беру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы кенті әкімінің 2008 жылғы 14 шілдедегі № 135 шешімі. Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 7 тамызда № 11-4-63 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімінің 12.07.2017 № 42 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына және ауыл тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Мұнайшы ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімінің 12.07.2017 № 42 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Арман, Теміржолшы шағын аудандарының батысындағы Құрық-Жетібай автокөлік жолының батыс бетінде орналасқан шағын ауданға "Бәйтерек", ал Жаңақұрылыс шағын ауданының оңтүстік жағында орналасқан шағын ауданға "Жаңақұрылыс-2" атауы берілсін.

      2. Мұнайшы ауылының әкімі (Р. Джулбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімінің 12.07.2017 № 42 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. Шешім 3-тармақпен толықтырылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімінің 12.07.2017 № 42 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Мұнайшы кентінің әкімі Б.Мырзабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады