Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімінің 23.12.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 2 бабы 1 тармағына сәйкес, Мұнайшы ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұнайшы ауылы әкімінің 2008 жылғы 14 шілдедегі № 135 "Мұнайшы ауылындағы жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған шағын аудандарға атау беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-4-63 болып тіркелген, 2008 жылғы 12 тамызда "Қарақия" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің:
1) тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мұнайшы кентіндегі жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған шағын аудандарға атау беру туралы";
2) кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына және ауыл тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Мұнайшы ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
3) 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мұнайшы ауылының әкімі (Р. Джулбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.";
4) 3 тармақпен толықтырылсын:
"Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
Ескерту. 1 - тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімінің 23.12.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен..2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Р. Джулбаев |