Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына және ауыл тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 05.12.2016 № 541 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін Құрық – Ералиев станциясы автокөлік жолының батыс жағында орналасқан жерге "Маңғыстау" атауы берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 05.12.2016 № 541 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Құрық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (М.Арқалықов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 05.12.2016 № 541 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. Шешім 3 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 05.12.2016 № 541 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Село әкімі | М.Сәрсенғали |