Құрық ауылы әкімінің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 91 "Құрық ауылы аумағынан жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы"

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 541 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 қаңтарда № 3241 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 03.12.2020 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құрық ауылы әкімінің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 91 "Құрық ауылы аумағынан жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-4-65 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 қыркүйектегі "Қарақия" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің:

      1) тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Құрық ауылы аумағынан жаңа тұрғын үй құрылысын салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы";

      2) кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына және ауыл тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      3) 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін Құрық – Ералиев станциясы автокөлік жолының батыс жағында орналасқан жерге "Маңғыстау" атауы берілсін.";

      4) 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Құрық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (М.Арқалықов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.";

      5) 3 тармақпен толықтырылсын:

      "Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      Ескерту. 1 - тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 03.12.2020 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Сарқұл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады