Баутин поселкесінің шекарасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 25 қыркүйектегі № 493 және Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 қыркүйектегі № 9/62 қаулысы және шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаменті Түпқараған ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 8 қарашада № 11-6-71 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 қазандағы № 33/269 және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 162 бірлескен шешімі мен қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 07.10.2019 № 33/269 және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 07.10.2019 № 162 бірлескен шешімі мен қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 20 маусым 2003 жылғы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағын, 8 желтоқсан 1993 жылғы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармағын және "МаңғыстаужерҒӨО" Мемлекеттік еншілес кәсіпорынның жасақтаған жобасын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1.Қоса беріліп отырған Баутин поселкесінің шеккарасы схемалық картаға сәйкес белгіленсін:

      Баутин поселкесінің жер аумағы – 1096,7 га.

      2.Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Бекмағамбетова
      Аудан әкімі Б.Чельпеков
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Досанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады