Ақшұқыр селосы базалық салықтық ставкаларына түзету коэффициенттерін және салық салу мақсатында аймақтарға бөліп бағалау схемасын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 13/87 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаменті Түпқараған ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 11-6-80 болып енгізілді. Күші жойылды - Түпқараған аудандық мәслихатының 2011 жылғы 31 қазандағы № 41/244 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды Түпқараған аудандық мәслихатының 2011.10.31 № 41/244 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100 - ІҮ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының 12 маусым 2001 жылғы № 209  "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің күші жойылуына байланысты, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабының 5-тармағын және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1 - 1 тармағын, Маңғыстау облысы әділет департаментінің 16 қыркүйек 2011 жылғы № 2 - 13/9588, 19 қыркүйек 2011 жылғы № 2 - 13/9595 хаттарын басшылыққа алып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақшұқыр селосы бойынша базалық салықтық ставкаларына түзету коэффициенттері N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Салық салу мақсатында аймақтарға бөліп бағалау схемасы бекітілсін (қосымша N 1)
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                        Аудандық мәслихат                                                      хатшысы:
      Г.Шалабаева                             А.Досанова


      "КЕЛІСІЛДІ":
      Маңғыстау облысы Түпқараған
      ауданы бойынша салық комитетінің
      төрағасы Н.Худибаев
      12 желтоқсан 2008 жыл

      Түпқараған аудандық жер
      қатынастары бөлімінің бастығы
      Е. Рзаханов
      12 желтоқсан 2008 жыл

Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
12 желтоқсандағы N 13/85 шешіміне
N 1 қосымша

(Суретті қағаз мәтінінен қараңыз)

Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
12 желтоқсандағы N 13/86 шешіміне
N 2 қосымша

Ақшұқыр селосы жерлерінің аймағын сипаттау және
салық салу мақсатындағы түзету көэфициенттері

Аймақтар N Аймаққа енетін әкімшілік құрылымдар Аймақ бойынша коэффициент

І

Қоғамдық-іскерлік және тұрғын аймақ. Теңіз жағалауы. Ақшұқыр ауылының жеке құрылысына арналған тұрғын массивтер және С.Шапағатов елді мекені Ақтау қ. Халықаралық әуежайынан 1 шақырым жердегі жеке тұрғын массиві

1,5

ІІ

Өндірістік аймақ

1,5

ІІІ

Жобадағы құрылыс (қоғамдық-іскерлік және тұрғын)

1,4

ІV

Резервтегі аймақ

1,3

Аймақтардың сипаты

      1 - ші аймақ – қоғамдық - іскерлік және тұрғын. Бірінші аймақтың шекарасы батыс жақтан Каспий теңізінің жағалауы, солтүстік және онтүстік - Ақшұқыр селосы әкімшілігі шекарасы бойымен, шығыс – "Ақтау - Форт - Шевченко" автомобиль жолы арқылы 200 м оңға қарай, сондай - ақ Ақтау қ. Халықаралық әуежайынан 1 шақырым жерден өтеді.
      2 - ші аймақ - өндірістік жерлер. Екінші аймаққа өнеркәсіп жерлері кіреді. Аймақтың шекарасы: оңтүстік - батыста – "Ақтау - Форт - Шевченко" автомобиль жолынан 200 м оңға қарай, солтүстік шығысында – Мұнайлы ауданының әкімшілік шекаралары.
      3 - ші аймақ – жаңа жеке тұрғын құрылыс (қоғамдық - іскерлік және тұрғын). Аймақтың шекарасы батыс жақтан "Ақтау – Форт - Шевченко" автомобиль жолынан 200 м оңға қарай, солтүстіктен 1 шақырым жерден Ақтау қ. Халықаралық әуежайынан автомобиль жолы арқылы өтеді.
      4 - ші аймақ – резервтік аймақ. Аймақтың шекарасы батыс жақтан Ақтау қ. Халықаралық әуежайынан 1 шақырым және Ақшұқыр селосы әкімшілігі шекарасы бойымен, шығыс – Мұнайлы ауданы әкімшілігі шекарасы бойымен өтеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады