Ақшұқыр селосы бойынша жер учаскесіне төлемнің базалық ставкасына бағалау аймағының шекарасы мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 13/88 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаменті Түпқараған ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 11-6-81 болып енгізілді. Күші жойылды - Түпқараған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 02 шілдедегі № 4/32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түпқараған аудандық мәслихатының 2012.07.02 № 4/32 шешімімен.
       Қазақстан Республикасының 20 маусым 2003 жылғы "Жер" кодексінің 811-баптарын, "Салық" кодексінің 338-бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 4),  13)тармақшаларына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
        1. Ақшұқыр селосы бойынша жер учаскесіне төлемнің базалық ставкасына бағалау аймағының шекарасы схемаға сәйкес бекітілсін (қосымша N 1)
        2. Түзету коэффициенттері N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
        3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                     Аудандық мәслихат хатшысы:
      Г.Шалабаева                          А.Досанова


      "КЕЛІСІЛДІ":
      Маңғыстау облысы Түпқараған
      ауданы бойынша салық комитетінің
      төрағасы Н.Худибаев
      12 желтоқсан 2008 жыл

      Түпқараған аудандық жер
      қатынастары бөлімінің бастығы
      Е. Рзаханов
      12 желтоқсан 2008 жыл

Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
12 желтоқсандағы N 13/85 шешіміне
N 1 қосымша

(Суретті қағаз мәтінінен қараңыз)

Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
12 желтоқсандағы N 13/86 шешіміне
N 2 қосымша

Ақшұқыр селосы  жерлерінің аймағын сипаттау және
жер учаскесінің ақы ставкаларына қатысты түзету көэфициенттері

Аймақтар N Аймаққа енетін әкімшілік құрылымдар Аймақ бойынша  коэффициент

І

Қоғамдық-іскерлік және тұрғын аймақ. Теңіз  жағалауы. Ақшұқыр ауылының жеке құрылысына арналған тұрғын массивтер және С.Шапағатов елді мекені Ақтау қ. Халықаралық әуежайнан 1 шақырым жердегі жеке тұрғын массиві

2,0

ІІ

Өндірістік аймақ

1,8

ІІІ

Жобадағы құрылыс (қоғамдық-іскерлік және тұрғын)

1,6

ІV

Резервтегі аймақ

1,4

Аймақтардың сипаты

      1 - ші аймақ – қоғамдық - іскерлік және тұрғын. Бірінші  аймақтың шекарасы батыс жақтан Каспий теңізінің жағалауы,  солтүстік және онтүстік - Ақшұқыр селосы әкімшілігі шекрасы  бойымен, шығыс – "Ақтау - Форт - Шевченко" автомобиль жолы арқылы 200м  оңға қарай, сондай-ақ Ақтау қ. Халықаралық әуежайынан 1 шақырым жерден  өтеді.
      2 - ші аймақ - өндірістік жерлер. Екінші аймаққа өнеркәсіп  жерлері кіреді. Аймақтың шекарасы: оңтүстік-батыста – "Ақтау - Форт - Шевченко" автомобиль жолынан 200 м оңға қарай, солтүстік шығысында – Мұнайлы ауданының әкімшілік шекаралары.
      3 - ші аймақ – жаңа жеке тұрғын құрылыс (қоғамдық - іскерлік  және тұрғын). Аймақтың шекарасы батыс жақтан "Ақтау – Форт - Шевченко» автомобиль жолынан 200 м оңға қарай, солтүстіктен 1 шақырым жерден Ақтау қ. Халықаралық әуежайынан автомобиль жолы арқылы өтеді.
      4 - ші аймақ – резервтік аймақ. Аймақтың шекарасы батыс жақтан  Ақтау қ. Халықаралық әуежайынан 1 шақырым  және Ақшұқыр селосы  әкімшілігі шекарасы бойымен, шығыс – Мұнайлы ауданы әкімшіліг шекарасы бойымен өтеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады