РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" №4200 Заңының 14 бабы, 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" №148 Заңының 35 бабына сәйкес және Қызылтөбе селолық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қызылтөбе ауылдық округінің шығысында орналасқан жалпы ауданы 349,0 гектарды (2034 жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімінен тұратын) құрайтын тұрғын үй массивіне Қызылтөбе-2 атауы берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің 25.01.2017 № 12 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім Мұнайлы ауданының әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін және алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкім | Қ.Түркменбаев |