Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 13 маусымдағы №238-а "Қызылтөбе селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 қаңтардағы № 12 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 3276 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес және Қызылтөбе ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 13 маусымдағы №238-а "Қызылтөбе селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-9 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 шілдедегі №28 (31) "Мұнайлы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қызылтөбе ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы";
       1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
       "1. Қызылтөбе ауылдық округінің шығысында орналасқан жалпы ауданы 349,0 гектарды (2034 жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімінен тұратын) құрайтын тұрғын үй массивіне Қызылтөбе-2 атауы берілсін."
      2. Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары (А.М.Абдикадыров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкімнің міндетін атқарушы С. Боранбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады