Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-II Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыссыз азаматтар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын шаруашылық субьектілерінің тізбесі және жұмыссыздар атқаратын қоғамдық жұмыстардың түрлері, еңбекақы мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Е.Ж.Әбіловке жүктелсін.
3. Осы қаулы Мұнайлы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім О. Қазақбаев
КЕЛІСІЛДІ:
Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Ж.К.Тұманбаева
22 желтоқсан 2008 жыл