"Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 92 қаулысы. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2008 жылғы 12 наурызда № 3609 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 253 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2011.06.10 № 253 қаулысымен.

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулыларына орай Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы

      КЕЛІСІЛДІ

Әкімдіктің          
2008 жылғы 30 қаңтардағы   
N 92 қаулысымен бекітілген 

"Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу"
мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, ядролық сынақтардың салдарынан залал келтірілген үшін оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу үшін жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Осы мемлекеттік қызмет түрі:
      1) "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабы,
      2) "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы N 110 қаулысымен бекітілген, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу Ережелерінің 2-14-тармақтары негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттiк қызметті:
      1) істердің макеттерін қалыптастыруын және азаматтардың өтініштерін қабылдауын меншік түріне қарамастан жүзеге асыратын кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің комиссиялары (бұдан әрі - комиссиялар);
      2) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерінің шешімімен құрылатын, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша арнайы комиссиялар (бұдан әрі - арнайы комиссиялар) көрсетеді. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - Бөлімдер) арнайы комиссиялардың жұмыс органы болып табылады. Бөлімдердің толық атауы, олардың мекенжайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны Қазақстан Республикасы азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану туралы арнайы комиссиялардың шешімі болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет 1949 жылдан бастап 1965 жылға дейін, 1966 жылдан бастап 1990 жылға дейін радиоактивтік ластануға ұшыраған аймақтарда тұратын, тұрған, жұмыс істеген немесе әскери (сонымен қатар жедел) қызмет атқарған азаматтарға (бұдан әрі - өтініш берушілер) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақытты шектеу мерзімі:
      1) арнайы комиссияға істердің қалыптасқан макеттерін комиссиялардың тапсыру уақытынан бастап 20 күннен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Қосымша сұрау салу, тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, қарау мерзімі бір айдан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.
      2) қажетті құжаттарды тапсырғанда кезекте күтудің барынша ұйғарымды уақыты 40 минуттан аспайды;
      3) қажетті құжаттарды алғанда кезекте күтудің барынша ұйғарымды уақыты 40 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Бөлімдердің веб-сайттарында, және Бөлімдердің үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. Бөлімдердің мекенжайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету күн сайын (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібінде, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне кезектен тыс қызмет көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі Бөлімдердің ғимараттарында көрсетіледі. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін, күту мен қажетті құжаттарды дайындау үшін қолайлы жағдайлар көзделген. Ақпараттық стендтер, қажетті құжаттарды толтыру үлгілері бар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғылықты жерін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
      4) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі (СТН);
      5) әлеуметтік жеке код беру туралы уақытша куәліктің көшірмесі (ӘЖК);
      6) жинақтаушы кітапшасының немесе өтемақы беру бойынша уәкілетті органмен жасаған шарттың көшірмесі;
      7) 1949 жылдан бастап 1965 жылдар, 1966 жылдан бастап 1990 жылдар аралығында Семей ядролық сынақ полигонының аймағында тұрған фактісін және мерзімін дәлелдейтін құжаттар;
      Радиациялық қауібінің тиісті аймағында тұрған фактісін және мерзімін дәлелдейтін құжаттар болып табылады:
      1) архивтік анықтамалар,
      2) халық депутаттары селолық, кенттік (ауылдық) Кеңестерінің, тұрғын үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтері әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамалары;
      3) еңбек кітапшасы;
      4) оқу орнын бітіру туралы диплом;
      5) әскери билет;
      6) туу туралы куәлік, орта білім туралы аттестат, негізгі мектепті бітіру туралы куәлік;
      7) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен адамның жеңілдіктерге құқығын дәлелдейтін Заңмен белгіленген тәртіппен берілген куәлік.
      Егер архивтік және басқа құжаттар сақталмаса - ядролық сынақтың әсеріне ұшыраған аймақта тұрған заңды фактісін және мерзімін белгілеу туралы соттың шешімі.
      13. Өтініш берушілердің тұрғылықты жеріндегі Бөлімдер жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет алу үшін толтыру қажет арыз нысанын беру.
      14. Толтырылған арыз және мемлекеттік қызметті алу үшін басқа қажетті құжаттар:
      жұмыс істейтін азаматтар (зейнеткерлерден басқа) - негізгі жұмыс орны бойынша;
      зейнеткерлер (жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоса есептегенде), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, жұмыс істемейтін азаматтар - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарында;
      ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және басқа әскери құрылымдардың зейнеткерлері - зейнетақы тағайындау орны бойынша;
      медициналық-әлеуметтік мекемелердің, медициналық-әлеуметтік ұйымдардың қамқорлығындағы - тиісті мекемелердің тұрғылықты жері бойынша;
      бас бостандығынан айыру жерлерінде жазасын өтеп жүрген азаматтар - еңбекпен түзеу мекемелерінің әкімшілігі комиссияларға тапсырады.
      15. Құжаттарды қабылдау күні және олардың тізбесі көрсетілген үзбелі талоны, өтініш беруші барлық  қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын болып табылады.
      16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу өтініш беруші тұрғылықты жеріндегі Бөлімге бару арқылы немесе пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады. Бөлімдердің мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет беруде бас тартуға негіздемелердің тізімі:
      егер өтініш беруші 1949 жылға дейін немесе 1990 жылдан кейін радиоактивтік ластануға ұшыраған аймақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери (сонымен қатар жедел) қызмет атқарған болса;
      егер өтініш беруші бір жылдан кем радиоактивтік ластануға ұшыраған аймақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери (сонымен қатар жедел) қызмет атқарған болса;
      егер өтініш берушіге өтемақы бұрын төленген болса.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Бөлім қызметі:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышты сақтау кезінде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) түбегейлі және толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және құпиялылық;
      6) белгіленген уақытта өтініш беруші алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижесі

      19. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Бөлімдердің және олардың лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға көмекті жоғары тұрған мемлекеттік органдарда - аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінде алуға болады. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің электрондық поштасының мекенжайлары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе электронды түрде аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктеріне беріледі. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің электрондық поштасының мекенжайлары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
      23. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс.
      Шағымды қабылдау, өтініш берушіге шағымды қабылдап алған адамның тегі, аты-жөні, күні мен уақыты көрсетілген, сондай-ақ оның қарау барысы туралы білуге болатын телефоны көрсетілген талон беріледі.

6. Байланыс ақпараты

      24. Бөлімдердің және олардың жоғары тұрған органдарының байланыс деректері:
      1) веб-сайт, электрондық поштаның мекенжайы, заңды мекенжайы, телефоны, Бөлім бастықтарының және олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген;
      2) веб-сайт, электрондық поштаның мекенжайы, орналасқан жері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктерінің телефондары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерінің және олардың орынбасарларының қабылдау мен жұмыс кестесі туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ғимараттардың үй-жайларындағы ақпараттық стендтерде орналасқан.
      25. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпаратты өтініш беруші "Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті"  мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Департамент) алады.
      Департаменттің мекенжайы: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, электрондық поштаның мекенжайы social@kostanay.kz, oblsots@mail. ru., Қостанай облысы әкімінің веб-сайты www.kostanay.kz электрондық қызметтер - www.e.kostanay.kz, байланыс телефоны: 8 (7142) 500616.

         "Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардың салдарынан  
зардап шеккен азаматтарды тіркеу
және есепке алу" мемлекеттік    
қызмет көрсету Стандартына      
1-қосымша            

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
Бөлімдерінің байланыс деректері

N

Бөлімдердің атауы

Заңды мекенжайы, телефондардың нөмірлері және Бөлімдердің
бастықтары мен олардың
орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері

Веб-Сайт

Электрон-
дық пошта

1

"Алтынсарин ауданы кімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"  мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ)

110101, Алтынсарин ауда-
ны, Обаған селосы, Ленин көшесі, 4, телефон нөмірі 8-(71445)-34-1-20, бас-
тықтың азаматтарды қабыл-
дау кестесі: сәрсенбі сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін, бастықтың орынба-
сарының азаматтарды қа-
былдау кестесі: дүйсенбі сағат 9.00-ден12.00-ге дейін

http://
altynsar.
kostanay.
kz/rus/

sobes_
ubaganskoe
@gcvp.kz

2

"Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

110200, Амангелді ауданы, Амангелді селосы, Майлин көшесі, 18, телефон нөмірі 8-(71440)-21-5-92, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: бейсен-
бі сағат 14.00-ден 18.00
-ге дейін бастықтың орын-
басарының азаматтарды
қабылдау кестесі: дүй-
сенбі, сейсенбі, жұма сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін

http://
amangeldy
.kostanay
.kz/

Sobes_
amаngeldy
@gcvp.kz

3

"Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

110400, Әулиекөл ауданы,
Әулиекөл селосы, Октябрь-
ский көшесі, 24, телефон нөмірі 8-(71453)-21-0-76, бастықтың азаматтарды қа-
былдау кестесі: сәрсенбі
сағат 9.00-ден 12.00-ге
дейін бастықтың орынба-
сарының азаматтарды қа-
былдау кестесі: дүйсенбі
сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін

http://
auliekol.
kostanai.
kz/

aulsots
@mail.ru

4

"Жангелдин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

110660, Жангелдин ауданы, Торғай кенті, Амангелді көшесі, 38, телефон нөмірі 8-(71439)-21-5-60, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың
орынбасарының азаматтарды
қабылдау кестесі: жұма сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін

http://jangeldy.
kostanay.
kz/

djansots
@mail.ru

5

"Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

110500, Қостанай облысы, Денисов селосы, Калинин көшесі, 6, телефон нөмірі 8-(71434)-9-13-44, бастықтың азаматтарды
қабылдау кестесі: жұма сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://
denisovka
.kostanay
.kz/

densots
@mail.ru

6

"Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

100701, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Асанбаев көшесі, 51, телефон нөмі-
рі 8 (71435)-2-33-70, бастықтың азаматтарды
қабылдау кестесі: сейсе-
нбі сағат 9.00-ден 13.00
-ге дейін бастықтың орын-
басарының азаматтарды қа-
былдау кестесі: сәрсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://
zhitikara
.kostanai
.kz/

jitsots
@mail.ru

7

"Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

110800, Қамысты ауданы, Қамысты кенті, Ленин кө-
шесі, 22, телефон нөмірі 8-(71437)-21-8-49, бас-
тықтың азаматтарды қабыл-
дау кестесі: дүйсенбі
және бейсенбі сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кес-
тесі: сейсенбі және жұма сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін

http://
www.
kamysti.
kostanai.
kz/

kamsots
@mail.ru

8

"Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

110900, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космо-
навтов көшесі, 16, теле-
фон нөмірі 8(71441)-3-29
-48, бастықтың азаматтар-
ды қабылдау кестесі: бей-
сенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін, жұма са-
ғат 15.00-ден 18.00-ге
дейін бастықтың  орынба-
сарының азаматтарды қабы-
лдау кестесі: сәрсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://
www.
karabalyk
.kostanai
.kz/

karasots
@mail.ru

9

"Қарасу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111000, Қарасу ауданы, Қарасу селосы, А. Исаков көшесі, 68, телефон нөмірі 8 (71452)-21-0-59, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі және бейсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін және сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін

http://
karasu.
kostanai.
kz/

karusots
@mail.ru

10

"Қостанай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111100, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Казахская көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71455)-2-12-95, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 14.00-ден 7.30-ға дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: жұма сағат 14.00-ден 17.30-ға дейін

http://
www.
kost
egion.kz/

Sobes_
zatobolsk
@gcvp.kz

11

"Мендіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111300, Мендіқара ауданы, Боровской селосы, Летунов көшесі, 7, телефон нөмірі 8-(71443)-2-23-02 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі және бейсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін

http://
mendikara
.kostanay
.kz/

Sobes_
borovskoi
@gcvp.kz

12

"Науырзым ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағрламалар бөлімі" ММ

111400, Науырзым ауданы, Қараменді селосы, Абай көшесі, 14, телефон нөмірі 8-(71454)-2-17-87 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге және сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін

http://
naurzum.
kostanay.
kz/

sobes_
karamendy
@gcvp.kz

13

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111600, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин көшесі, 104, телефон нөмірі 8-(71451)-21-9-48 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі және жұма сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін бастықтың орынбасарының  азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі және бейсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге және сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін

http://
sarykol.
kostanay.
kz/

sarsots
@yandex.ru

14

"Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111700, Таран ауданы, Таран селосы, Калинин көшесі, 72, телефон нөмірі 8-(71436)-3-67-08 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың  орынбасарының  азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге  дейін

http://
taran.kz/

zagita
@mail.ru

15

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111800, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл селосы, Абылайхан көшесі, 53, телефон нөмірі 8-(71444)-2-16-33 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін және бейсенбі сағат  14.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың орынбасарының  азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге және жұма сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін

http://
uzunkol.
kostanay.
kz/

sobes_
uzunkol
@gcvp.kz

16

"Федоров аудандық  жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

111900, Федоров ауданы, Федоров селосы, Красноармейский көшесі,  53, телефон нөмірі 8-(71442)-21-9-96, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі,  сейсенбі, сәрсенбі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін

http://
fedorovka
.kostanay
.kz/

fedsots
@mail.ru

17

"Арқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

110300, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 62,телефон нөмірі 8-(71430)-7-09-12, бастықтың азаматтарды
қабылдау кестесі: сәрсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, жұма сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін

http://
www.
arkalyk.kz/

sobes_
arkalyk
@gcvp.kz

18

"Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

110000, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 36, телефон нөмірі  8-(7142)-50-08-26, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://
www.
kostanay.
info/

gorsob
@mail.ru

19

"Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111200, Лисаков қаласы, 4 ағын аудан, 37А үй, телефон нөмірі 8-(71433)-3-21-71, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: бейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың  орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://
www.lsk.
kz/

lissoc
@mail.ru

20

"Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111500, Рудный қаласы, Пионерский көшесі,  21, телефон нөмірі  8-(71431)-4-40-75, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://
www.
rudny.kz/

rudsots
@mail.ru

"Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардың салдарынан  
зардап шеккен азаматтарды тіркеу
және есепке алу" мемлекеттік    
қызмет көрсету Стандартына      
2-қосымша              

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштердің маңызы

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік маңызы

Келесі жылы көрсет-
кіштің нысаналы маңызы

Есептік жылы көрсеткіш-
тің ағымдағы
маңызы

1

2

3

4

1. Уақытылылық

1.1. Құжат тапсырылған уақыттан бастап белгі-
ленген мерзімде қыз-
меттер көрсетудің % (үлесі) жағдайы

90

95

90

1.2. Кезекте 40 минут-
тан аспай қызмет көр-
сетілуін күткен тұты-
нушылардың % (үлесі)

80

85

81

2. Сапа

2.1. Тұтынушылар
қызмет көрсету процесінің сапасына
қанағат ету % (үлесі)

89

90

89

2.2. Лауазымды тұлға-
мен құжаттарды дұрыс толтыру (жасалған
есептеу, есеп айырысу
және тағы басқа)
жағдайлар % (үлесі)

85

90

85

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасы мен тәртібі ту-
ралы ақпаратпен қана-
ғаттанған  тұтынушылар % (үлесі)

80

85

80

3.2. Тұтынушының құ-
жаттарды дұрыс толты-
ру және бірден тапсы-
ру жағдайының %  (үлесі)

80

85

79

3.3. Интернет арқылы
қол жететін ақпарат
беру қызметінің % (үлесі)

40

45

30

4. Шағым беру үдерісі

4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсе-
тілген тұтынушылардың жалпы санына дәлелді шағымдар % (үлесі)

0,5

0,2

0,1

4.2.Белгіленген мер-
зімде қаралып, қана-
ғаттандырылған дәлелді шағмдар % (үлесі)

89

95

89

4.3. Тұтынушылардың
қолданыстағы шағым беру тәртібіне
қанағат ету % (үлесі)

90

95

85

4.4. Тұтынушылар шағым беру мерзіміне
қанағат ету % (үлесі)

88

90

89

5. Сыпайылық

5.1. Тұтынушылардың
персоналдың сыпайылы-
ғына қанағат ету % (үлесі)

89

90

88

"Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардың салдарынан  
зардап шеккен азаматтарды тіркеу
және есепке алу" мемлекеттік    
қызмет көрсету Стандартына      
3-қосымша              

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
әкімдіктерінің  байланыс деректері

N

Аудандар-
дың
(облыстық
маңызы
бар
қалалар-
дың) әкімдік-
терінің
атауы

Орналасқан жері
мен телефондардың
нөмірлері

Веб-Сайт

Электрон-
дық пошта

1

Алтынсарин ауданының әкімдігі

110101, Алтынсарин ауданы, Обаған селосы, Ленин көшесі, 4, теле-
фон нөмірі 8-(71445)-34-1-78

http://
altynsar.
kostanay.
kz/rus/

altynsar
@kostanay.
kz

2

Амангелді ауданының әкімдігі

110200, Амангелді ауда-
ны, Амангелді селосы, Б. Майлин көшесі, 19, телефон нөмірі 8-(71440)-21-4-00

http://
amangeldy.
kostanay.
kz/

amangeldy
@kostanay.
kz

3

Әулиекөл ауданының әкімдігі

110400, Әулиекөл ауда-
ны, Әулиекөл селосы, 1 Май көшесі, 44 үй, те-
лефон нөмірі 8-(71453)-21-0-33

http://
auliekol.
kostanai.
kz/

auliekol
@kostanay.
kz

4

Жангелдин ауданының әкімдігі

110660, Жангелдин ауданы, Торғай кенті, Алтынсарин көшесі, 4, телефон нөмірі 8-(71439)-21-1-07

http://
jangeldy.
kostanay.
kz/

jangeldy
@kostanay.
kz

5

Денисов ауданының әкімдігі

110500, Қостанай облысы, Денисов селосы, Калинин көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71434)-9-15-01

http://
denisovka.
kostanay.
kz/

denisovka
@kostanay.
kz

6

Жітіқара ауданының әкімдігі

100701, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан, 65 үй, телефон нөмірі 8 (71435)-2-00-02

http://
zhitikara.
kostanai.
kz/

zhitikara
@kostanay.
kz

7

Қамысты ауданының әкімдігі

110800, Қамысты ауданы, Қамысты кенті, Ержанов көшесі, 61 үй, телефон нөмірі 8-(71437)-21-7-44

http://
www.
kamysti.
kostanai.
kz/

kamysty
@kostanay.
kz

8

Қарабалық ауданының әкімдігі

110900, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 31, телефон нөмірі 8 (71441)-3-35-70

http://
www.
karabalyk.
kostanai.
kz/

karabalyk
@kostanay.
kz

9

Қарасу ауданының әкімдігі

111000, Қарасу ауданы, Қарасу селосы, А. Исаков көшесі, 73, телефон нөмірі 8(71452)-21-2-80

http://
karasu.
kostanai.
kz/

karasu
@kostanay.
kz

10

Қостанай ауданының әкімдігі

111100, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Калинин көшесі, 65, телефон нөмірі 8-(71455)-2-12-05

http://
www.
kostregion.
kz/

kost_
region
@kostanay.
kz

11

Мендіқара ауданының әкімдігі

111300, Мендіқара ауданы, Боровской селосы, Королев көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71443)-2-16-06

http://
mendikara.
kostanay.
kz/

mendikara
@kostanay.
kz

12

Науырзым ауданының әкімдігі

111400, Науырзым ауданы, Қараменді селосы, Жәнібек көшесі, 1, телефон нөмірі 8-(71454)-2-14-85

http://
naurzum.
kostanay.
kz/

naurzum
@kostanay.
kz

13

Сарыкөл ауданының әкімдігі

111600, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин көшесі, 72, телефон нөмірі 8-(71451)-21-7-90

http://
sarykol.
kostanay.
kz/

sarykol
@kostanay.
kz

14

Таран ауданының әкімдігі

111700, Таран ауданы, Таран селосы, Калинин көшесі, 60, телефон нөмірі 8-(71436)-3-71-45

http://
taran.kz/

taranovka
@kostanay.
kz

15

Ұзынкөл ауданының әкімдігі

111800, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл селосы, Мүсірепов көшесі, 14, телефон нөмірі 8-(71444)-2-13-90

http://
uzunkol.
kostanay.
kz/

uzunkol
@kostanay.
kz

16

Федоров ауданының әкімдігі

111900, Федоров ауданы, Федоров селосы, Калинин көшесі, 53, телефон нөмірі 8-(71442)-2-13-04

http://
fedorovka.
kostanay.
kz/

fedorovka
@kostanay.
kz

17

Арқалық қаласының әкімдігі

110300, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, телефон нөмірі 8-(71430)-7-12-00

http://
www.
arkalyk.
kz/

arkalyk
@kostanay.
kz

18

Қостанай қаласының әкімдігі

110000, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, телефон нөмірі 8-(7142)-57-57-65

http://
www.
kostanay.
info/

gorakimat
@kostanay.
kz

19

Лисаков қаласының әкімдігі

111200, Лисаков қаласы, Мира көшесі, 32, телефон нөмірі 8-(71433)-3-45-76 

http://
www.lsk.
kz/

lisakovsk
@kostanay.
kz

20

Рудный қаласының әкімдігі

111500, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 93, телефон нөмірі 8-(71431)-4-53-31

http://
www.rudny.
kz/

rudny
@kostanay.
kz

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады