Жангелдин ауданының Збан ауылын және Саға ауылдық округін Ақкөл ауылы және Қызбел ауылдық округі деп қайта атау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы мәслихатының және әкімдігінің 2008 жылғы 4 маусымдағы N 102/8 бр шешімі мен қаулысы. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2008 жылғы 20 маусымда N 3641 тіркелді.

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосын", "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылын", "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Жангелдин ауданының өкілетті және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жангелдин ауданының Збан ауылы Ақкөл ауылы, Жангелдин ауданының Саға ауылдық округі Қызбел ауылдық округі болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен шешім мен қаулы, оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Кезектен тыс сессияның                             Қостанай
      облыстық әкімі

      Қостанай облысының төрағасы,
      мәслихатының хатшысы

      Әкімдік мүшелері:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады