"Қостанай облысы аумағындағы елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, жер телімдеріне, ғимараттар және имараттарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу тәртібін жүргізу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 12 шілдедегі № 331 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 458 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 7 қарашада № 3657 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 54 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.01.30 № 54 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармаққа) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы мен 14-бабының 4) тармақшасына "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-3-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-3), 21-4) тармақшаларына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қостанай облысы аумағындағы елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, жер телімдеріне, ғимараттар және имараттарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу тәртібін жүргізу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 12 шілдедегі N 331 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі N 3577, 2007 жылғы 28 тамыздағы N 102 "Қостанай таңы", 2007 жылғы 28 тамыздағы N 119 "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысы аумағындағы елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, жер телімдеріне, ғимараттар және имараттарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу тәртібін жүргізу жөніндегі қағиданы бекіту туралы:
       1 тараудың 1-тармағының 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "29) қала бөлігі (кенттің, басқа елді мекеннің) (құрама бөлігі) – қаладағы аудан, алаң, даңғыл, бульвар, көше, қалтарыс, бақ, саябақ, көпір және қаланың өзге де құрамдас бөліктері (кенттің, өзге елді мекеннің).";
       2 тараудың 2-1 тармағымен мынадай редакцияда толықтырылсын:
      "2-1. Қала (аудан) әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі атаулары берілмеген немесе оларда орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін бұзуға байланысты қолданыстан шығарылған көшелердің тізбесін жергілікті атқарушы органға ұсынады.";
       2 тараудың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қалалардың бөліктеріне атау беру (кенттің, басқа елді мекендердің) мынадай тәртіпте жүргізіледі:
      1) азаматтардың, өзге ұйымдардың немесе аудан әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің ұсынысы бойынша кент (село) немесе аудандық маңыздылығы бар қала әкімі тиісті аумақтың тұрғындарының пікірін есепке ала отырып атау (қайта атау немесе сәйкес атаулары бар құрамдас бөліктерін қайта атау) туралы шешім шығарады және құрамдас бөліктердің кеңістік орналасуымен және оның шекараларын нақты анықтаумен сызба нұсқаны міндетті түрде қоса отырып мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарға жеткізеді;
      2) азаматтар, өзге ұйымдар немесе қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі қалалық атқарушы немесе өкілдік органдарына атау (қайта атау немесе сәйкес атаулары бар құрамдас бөліктерін қайта атау) туралы ұсыныс жолдайды;
      3) тиісті аумақтың тұрғындарының пікірін есепке ала отырып қалалық ономастикалық комиссия отырысында қалалық өкілдік немесе атқарушы органдарға құрамдас бөліктерге атау (қайта атау) беруді ұсынуға шешімін қабылдайды;
      4) тиісті аумақ тұрғындарының пікірін есепке ала отырып бірлескен шешіммен қалалық өкілдік және атқарушы органдар атау (қайта атау немесе сәйкес атаулары бар құрамдас бөліктерін қайта атау) туралы мәселелерді шешеді, немесе келіспейді және негізделген бас тарту себебімен ақпаратты мүдделі тұлғаларға береді;
      5) құрамдас бөліктерге атау (қайта атау) беру туралы қалалық атқарушы және өкілдік органдардың бірлескен шешімдері құрамдас бөліктердің кеңістік орналасуы бар және оның шекараларының нақты белгіленуі бар сызба нұсқаны міндетті түрде қоса отырып мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарға жеткізіледі. Құрамдас бөліктерге атау (қайта атау) беру туралы қалалық атқарушы және өкілдік органдардың бірлескен шешімдері мүдделі азаматтарға жеткізіледі;
      6) қала әкімі құрамдас бөліктерге атау және қайта атау беру, олардың аттарының транскрипциясын өзгерту жөнінде жұмыстарды орындауды уәкілетті органдарға тапсырады.";
      4 тараудың 23 және 24-тармақтары мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
      "Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін ғимараттардың (үйлердің) реттік нөмірлері және нөмірлеуі өзгеріссіз қалдырылсын.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының
      әкімі                                      С. Кулагин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады