"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 11-баптарына сәйкес, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың пікірін есепке ала отырып, Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 15 тамыздағы бірлескен N 122 шешіміне және Қостанай облысы әкімдігінің N 10 бр қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін (2008 жылғы 26 қыркүйектегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 3655, "Қостанай таңы" 2008 жылғы 7 қазандағы N 123, "Костанайские новости" 2008 жылғы 11 қазандағы N 141):
2-тармақ
мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Дружба селолық округі Қамысты ауданының Дружба селосы,
Бестау селолық округі Қамысты ауданының Аралкөл селосы болып қайта құрылсын".
2. Осы бірлескен шешім мен қаулы, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы Б. Князев
Қостанай облыстық мәслихатының
хатшысы Ғ. Сағиев
Қостанай облысының әкімі С. Кулагин
Әкімдік мүшелері: