Денисов ауданында жеке кәсіпкерлікте жекелеген қызмет түрлермен айналысу құқығы үшін бір жолғы талонның құнын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2008 жылғы 10 қарашадағы № 90 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 желтоқсанда № 9-8-106 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданының мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 126 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданының мәслихатының 2009.04.21 № 126 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің 373 бабы 2 тармағына, 2001 жылдың 30 қарашасындағы № 1469 қазақстан Республикасының "Бір жолғы талондарды беру ережесін бекіту туралы" мемлекеттік табыс министірлігінің бұйрығына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:

      1. Денисов ауданында жеке кәсіпкерліктін жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бір жолғы талон құны қаржы жылға тиісті орнатуымен, айлық есеп айырысатын көрсеткіші пайыздық қатынасында бекітілсін (қосымша беріліп отыр).

      2. 2002 жылдың 15 ақпанындағы № 11 "Жеке кәсіпкерліктін жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бір жолғы талонның құнын" бекіту туралы" (2002 жылдың 14 наурызындағы № 1282 мемлекеттік нөмірімен тіркелген) шешімін; 2003 жылдың 20 наурызындағы № 40 "2002 жылдың 15 ақпанындағы № 11 Денисов аудандық мәслихатының "Жеке кәсіпкерліктін жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бір жолғы талонның құнын" бекіту туралы" (2003 жылдың 9 шілдесіндегі № 2362 мемлекеттік нөмірімен тіркелген) шешіміне толықтырулар мен өзгертулерді енгізу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күн тізбелік өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   Б. Тойбағоров

      Денисов аудандық мәслихатының
      хатшысы                                    Б. Тойбағоров
 
 

2008 жылдың 10 қарашасындағы 
№ 90 шешімге қосымша         

Денисов ауданының аумағында
жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерліктің жекеленген
түрлерімен айналысу құқығы бір жолғы талон
құнының есебі

Қызмет түрі

Бір күн үшін қаржы жылға тиісті орнатуымен айылық есеп айырысатын көрсеткіші пайыздық қатынасының мөлшері

1.

Сатушылықпен айналысу (стационарлық пунктерді қоспағанда)

9

2.

Гәзет пен журналдарды сату

3

3.

Тұқым (көшеттер, рассаданы) сату

3

4.

Қауын-қарбыздарды базардан тыс жерлерде сату үшін алым

4

5.

Дача мен үйдің жанындағы учаскелерде өсірілген гүлді сату

3

6.

Қосалқы шаруашылықтардың, бау-бақшалардың өнімдері

3

7.

Жекеменшікте тракторлары бар азаматтардың жер учаскелерді өңдеу жөнінде қызмет көрсеткен үшін алым

13

8.

Жеке жеңіл машиналары, жүн таситын автокөліктері бар азаматтардың қызмет көрсеткені үшін алымдар(лицензияланған тасымалдау қызметтерінен жою)

9

      Ескерту: Денисов ауданының аумағында жүзеге асырылатын, жеке кәсіпкерліктің жекеленген түрлерімен айналысу құқығы бір жолғы талондардын алымын төлеуі: бір күн үшін жинақтаған пішінің шығару: 0,5 және 1-ге дейін артығырақ (бір), 0,5 – тен азырақ – 0-ге дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады