Денисов ауданында жеке кәсіпкерлікте жекеленген қызмет түрлермен айналысу құқығы үшін бір жолғы талонның құнын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 126 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 мамырда № 9-8-126 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2009 жылғы 30 қазандағы № 158 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2009.10.30 № 158 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:

      1. Денисов ауданында жеке кәсіпкерліктін жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бір жолғы талон құны қаржы жылға тиісті орнатуымен қосымшасына сәйкес, айлық есеп айырысатын көрсеткіші пайыздық қатынасында бекітілсін.

      2. 2008 жылдың 10 қарашасындағы № 90 "Жеке кәсіпкерліктін жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бір жолғы талонның құнын" бекіту туралы" (2008 жылдың 11 желтоқсанындағы № 9-8-106 Реестірінің мемлекеттік тіркеуіндегі нормативтік құқықтық актілерінде, 2009 жылдың 2 қаңтарындағы "Наше время" гәзетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күн тізбелік өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының
      кезекті оныншы
      сессиясының төрайымы                       Т. Чижевская

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                      Б. Тойбағоров

      КЕЛІСІЛДІ

      
Мәслихатының               
2009 жылдың 21 сәуіріндегі 
№ 126 шешімге қосымша      

Денисов ауданында жеке кәсіпкерліктін
жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы
үшін бір жолғы талон құны қаржы жылға
тиісті орнатуымен, айлық есеп айырысатын
көрсеткіші пайыздық қатынасында

Қызмет түрі

Бір күн үшін қаржы жылға тиісті орнатуымен айылық есеп айырысатын көрсеткіші пайыздық қатынасының мөлшері

1.

Базарда қызмет көрсету, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, базар аумағында (жекеленген блоктарда) стационарлық бөлмелерінде киосктарда сатудан басқасы

9

2.

Гәзет пен журналдарды сату

3

3.

Тұқым (көшеттер, рассаданы) сату

3

4.

Қауын-қарбыздарды базарда сату үшін алым

4

5.

Дача мен үйдің жанындағы учаскелерде өсірілген гүлді сату

3

6.

Қосалқы шаруашылықтардың, бау-бақшалардың және дача учаскілерінің өнімдерін; жануарлар мен құстар үшін азық; сыпыртқыларды, сыпырғыштарды, орман жидектерін, балды, санырауқұлақтар мен балықтарды өткізу

3

7.

Жекеменшікте тракторлары бар азаматтардың жер учаскелерді өңдеу жөнінде қызмет көрсеткен үшін алым

13

8.

Үй жануарлар мен құстарды бағу

10

      Ескерту: Денисов ауданының аумағында жүзеге асырылатын, жеке кәсіпкерліктің жекеленген түрлерімен айналысу құқығы бір жолғы талондардын алымын төлеуі: бір күн үшін жинақтаған пішінің шығару: 0,5 және 1-ге дейін артығырақ (бір), 0,5–тен азырақ – 0-ге дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады