Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 10.10.2013 № 542 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Атауы өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010.02.08 № 52 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238 бабы 3 тармағына және 18 бабы 2) тармақшасына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық бюджет қаржысы есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкілері жиырма бес пайызға көтерілетін ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының тізбесі анықталсын (қосымша).
Ескерту. 1-тармақ өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010.02.08 № 52 қаулысымен.
2. Әкімдік қаулысы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енеді.
Аудан әкімі А. Әбенов
КЕЛІСІЛГЕН
"Жітіқара ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
Г. Жидебаева
Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы
Г. Алпысбаева
Жітіқара
аудандық мәслихаты кезектен тыс
өткен сессиясының төрағасы
Г. Подваленчук
Әкімдіктің
2008 жылғы 6 ақпандағы
№ 158 қаулысына қосымша
Аудандық бюджет қаржысы есебінен,
лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкілері
жиырма бес пайызға көтерілетін ауылдық (селолық)
жерлерде жұмыс істейтін білім, әлеуметтік
қамтамасыз ету мамандарының тізбесі
Ескерту. Қосымша өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010.02.08 № 52 қаулысымен.
1. Әлеуметтік қамтамасыз ету маманының лауазымдары:
1) күтім бойынша әлеуметтік қызметкер.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) жалпы білім беру мектеп мұғалімдерінің барлық мамандықтары;
2) жалпы білім беру мектептің директоры;
3) жалпы білім беру мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
4) жалпы білім беру мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары;
5) әлеуметтік педагог;
6) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;
7) аудармашы;
8) қосымша білім беретін педагог;
9) педагог-психолог;
10) кітапхана меңгерушісі;
11) кітапханашы;
12) тәрбиеші;
13) аға вожатый;
14) медбике;
15) бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маман.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) директор, ұйымның басшысы;
2) сектор, бөлім меңгерушісі;
3) барлық мамандықтар сүретшілері;
4) әдіскер;
5) аға кітапханашы;
6) кітапханашы;
7) мәдени ұйымдастырушы;
8) музыкалық жетекші