Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8), 15)-тармақшалары, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 491-бабының 2)-тармақшасы, 2008 жылдың 1 қаңтарынан "Бюджетке салық және басқа міндетті төлемдер туралы" Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты Қостанай ауданы бойынша салық комитеті бастығының 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 39-08-2205 "Жарнама орналастыруға төлем ставкаларын белгілеу туралы" хаты негізінде мәслихат ШЕШТІ:
1. Сыртқы (көзбен шолу) жарнамаларды орналастырғанда плакат, жарық арқылы көрсеткіш тақта стенд, билборд, транспарант, құлақтандыру және басқа нысандардың бір шаршы метрі үшін тұрақты жарнама орналастыруға төлем белгіленсін:
1) Затобол кентінде, Заречный және Мичурин селоларында айлық төлем ставкалары-айлық есептік көрсеткіштен 70 пайызы;
2) Қазақстан Республикасы аумағында жергілікті мағынадағы жалпы пайдаланылатын автокөлік жолдарының бұру жолағында - айлық есептік көрсеткіштен 70 пайызы;
3) қалған елді мекендерде айлық төлем ставкалары-айлық есептік көрсеткіштен 30 пайызы.
2. Жарнама орналастырғанда төлем ставкалары қолданыстағы айлық көрсеткіш мөлшерінен есептеледі.
3. Қостанай аудандық мәслихатының 2002 жылғы 3 қаңтардағы № 107 "Жарнама орналастыру үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1212, 2002 жылғы 22 ақпандағы № 8 "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім баспасөзде алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының
төртінші сессиясының төрайымы Л. Нам
Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы Н. Төлепов