Ауылдық (селолық) мекенде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет азаматтық қызметкерлерінің жиырма бес пайыздан кем емес көтерілген лауазымдық еңбекақы мен тарифтік мөлшерін 2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2008 жылғы 10 қарашадағы № 119 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 18 қарашада № 9-14-90 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Еңбек  кодексінің 238-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ауылдық (селолық) мекенде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет азаматтық қызметкерлеріне лауазымдық еңбекақы мен тарифтік мөлшерін жиырма бес пайыздан кем емес көтеру қалалық жағдайда осы қызмет түрлерімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің еңбекақылары мен еңбекақы мөлшерін салыстыру бойынша 2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен 2008 жылдың 1 қаңтарынан белгіленсін.

      2. Осы шешім баспасөзде алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған іс-әрекеттерге таратылады.

      Қостанай аудандық
      мәслихатының кезектен тыс
      сессиясының төрағасы                       А. Черкасов

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Н. Тулепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады