18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа көрсеткіштерін үйлестіру және жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 19 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 8 ақпанда № 9-18-63 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 129 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009.04.27 № 129 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30–тармағы 7-бөліміне сәйкес, Таран ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 80 % азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2008 жылға ұсынатын бағалар түзетуі белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2008.06.05. № 125 қаулысымен.

      2. "Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға үміткердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.

      3. 2006 жылдағы 29 желтоқсандағы № 372 "18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа көрсеткіштерін үйлестіру және жеке косалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы", (2007 жылғы 10 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-46, "Шамшырақ" 2007 жылғы 22 ақпандағы № 8) Таран ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылған деп есептелсін.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таран ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          К. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Таран ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Л. Өтешева

      "Таран ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      В. Пирог

      Таран аудандық статистика
      бөлімінің бастығы
      Н. Верховод

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады