Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009.04.27 № 129 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30–тармағы 7-бөліміне сәйкес, Таран ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа көрсеткіштерін үйлестіру және жеке косалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы" Таран ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгеріс енгізілсін (2008 жылғы 8 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-63, 2008 жылғы 22 ақпандағы № 8 "Шамшырақ"):
1 тармақтағы "30" саны "80" санына ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Таран ауданының әкімі А. Ахметжанов
КЕЛІСІЛДІ
"Таран ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
Л. Өтешева
"Таран ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
В. Пирог
Таран аудандық статистика
бөлімінің бастығы
Н. Верховод