2008 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне төленетін материалдық көмек көлемін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2008 жылғы 24 қыркүйектегі № 90 шешімі. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 16 қазанда № 9-19-85 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 77 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 17.04.2013 № 77 хатымен).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес, 2008 жылға арналған аудандық бюджетін жүзеге асыру мақсатында, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Материалдық көмек көлемі белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тиісті жылға ай сайын республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық пайыз көлемінде тұрмыстық қажеттіліктеріне;

      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне біржолғы бес тонна көмір, үш текше метр ағаш, ай сайын қырық бес киловатт сағат электр қуаты көлемінде коммуналдық қызмет шығындарын есесін қайтаруға.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды аудандық мәслихатының бюджет, экономика және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 23 мамырдағы № 354 "2007 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне төленетін материалдық көмек көлемін бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-48, 2007 жылғы 12 маусымда тіркелген, 2007 жылғы 26 маусымда № 26 "Нұрлы жол") шешімімен күші жойылсын.

      4. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


      IV шақырылған Ұзынкөл аудандық
      мәслихатының кезектен тыс
      сессиясының төрағасы                       С. Шабалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады