Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 172-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiнiң 449-тармағына, Павлодар облыстық мәслихатының (IV сайланған VII кезектен тыс сессиясы) 2008 жылғы 1 шілдедегі "Облыстық мәслихаттың (IV сайланған III сессиясы) 2007 жылғы 14 желтоқсандағы "2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы" N 36/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 110/7 шешіміне сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бюджеттік кредиттерді берудің мынадай шарттары анықталсын:
беру мақсаты - басымдықты бағыттар бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушілерді қаржыландыру үшін;
кредит мөлшері - 172,0 млн.теңге;
кредит валютасы - теңге;
қысқа мерзімді кредитті берудің шектеулі мерзімі - 1 жылға дейін, өтеу мерзімі - 2009 жылғы 1 наурызға дейін, орта мерзімді кредит беру - 5 жылға дейін, негізгі қарыз бойынша жеңілдікті өтеу кезеңімен - 20 ай.
кредитті игеру кезеңі - 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
соңғы қарыз алушы үшін қысқа мерзімді кредит бойынша сыйақының белгіленген мөлшерлемесі жылына 11,44 %-дан аспайтын мөлшерде қарастырылған, соның ішінде бюджеттік қаражатты кредит ретінде беру үшін - бюджет пайдасына аударуға жататыны жылына - 6,4 %, орта мерзімді кредит бойынша сыйақының белгіленген мөлшерлемесі жылына 11,88 %-дан аспайтын мөлшерде қарастырылған, соның ішінде бюджеттік қаражатты кредит ретінде беру үшін - бюджет пайдасына аударуға жататыны жылына - 6,47 %;
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.З. Бочинге жүктелсін.
Облыс әкімі Қ. Нұрпейісов