Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 12.01.2012 № 97/2 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 13), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабы 4-тармағына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес, нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі бекітілсін.
2. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін іске асыруды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы С. Д. Асановқа жүктелсін.
Павлодар қаласының әкімі Б. Демеуов
Павлодар қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
"Нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды
жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс
орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс
берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы"
№ 421/10 қаулысына қосымша
Нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған
жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім тапсырады.
2. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу кезінде мынадай талаптарды ескереді: кәсіпорынның төлеу қабілеті, еңбекақының уақытында төленуі, жұмыс орнының қауіпсіздік техникасы нормаларына сай болуы, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларының сақталуы, уәкілетті органмен жасалған келісім - шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссыздарға тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі.
3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде Уәкілетті органымен келісім - шарт жасайды. Келісім-шартта екі жақтың міндеттері, жұмыс көлемдері, түрлері, еңбек төлемдерінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі және көздері, жіберілген жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша болғандықтан, оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдалану мүмкін емес.
4. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру үшін жолдамаларды береді.
5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген жұмыссызды қабылдайды, онымен еңбек келісім-шартын жасайды, қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкес келетін жұмыс орнын ұсынады. Жұмыссыздарды жұмыспен қамтуда әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу мерзімі алты айға дейін.
6. Жұмыс берушілер қалалық бюджет қаражатынан еңбек ақысын төлеу бойынша шығындардың орнын толтыру үшін ай сайын ағымдағы айдың 20-сына дейін Уәкілетті органға белгілеген тәртіпте: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақыты есебінің табелін, әлеуметтік орындарға қабылданған жұмыскерлер туралы есепті және орындалған жұмыстардың актісін тапсырады.
7. Нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеудің осы тәртібінің орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.