2008 жылдың 14 мамырдан N 12 Павлодар ауылы әкімінің "Павлодар ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын бекіту туралы" шешіміне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қаласы Павлодар ауылдық әкімінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі N 28 шешімі. Павлодар облысы Павлодар қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 20 қазанда N 127 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы Павлодар ауылдык әкімінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы Павлодар ауылдык әкімінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 13 шешімімен.

      2008 жылғы 12 шілденің N 7-1-08/19 Павлодар қаласы прокуратурасының наразылық білдіруіне байланысты және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадан "Әкімшілікті процедуралар туралы" Заңына сәйкес және шешімді қолданып жүрген зандарға сәйкес келтіру үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. 2008 жылдың 14 мамырдын N 12 "Павлодар ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бойынша мемкеттік қызметтерді көрсету стандарттарын бекіту туралы" шешіміне 2008 жылдың 20 маусымда N 12-1-116 Павлодар қаласы әділет басқармасында тіркелген және 2008 жылдың 4 қыркүйегінде N 98 "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған, келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
      2 қосымшаның 22 пункті келесі редакцияда баяндалсын: "Шағым Павлодар қаласы Кривенко көшесі, 25 үй, қабылдау бөлмесі, телефоны 325505 мекенжайы бойынша қала әкімінің атына жазылады";
      7 қосымшаның 5 пункті келесі редакцияда баяндалсын: "Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып жетім балалардың және ата-анасының қамқорысыз балаларды аймақтық (алғашкы) есепке алу туралы жазбаша хабарландыру болып табылады";
      8 қосымшаның 5 пункті келесі редакцияда баяндалсын: "Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып мектепке дейінгі мекемелерге жолдау үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды тіркеу туралы жазбаша хабарландыру болып табылады".
      9 қосымшаның 12 пунктінің 6 тармағы келесі редакцияда баяндалсын: "Әкім аппаратымен берілетін қорғаншылык белгіленетін баланың тұрмыстық жағдайын тексеру актісі";
      9 қосымшаның 12 пунктіне 12 тармақша қосылсын: "Әкім аппаратымен берілетін баланы тәрбиелеуге талапкердің тұрмыстық жағдайын тексеру актісі";
      10 қосымшаның 12 пунктінің 1, 3, 4 "қорғаншы қамқоршы болу" сөздің орнына "патронаттық тәрбиеші" деп оку керек;
      10 қосымшаның 5 пунктісі келесі редакцияда баяндалсын: "Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып Павлодар ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесімен және патронаттық тәрбиешінің арасындағы баланы (балаларды) тәрбиеге беру туралы келісім шарт жасасу болып табылады.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар ауылы әкімінің орынбасары Мустафин Дайыр Кайырұлына жүктелсін.

      И. Фогель

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады