Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімінің 2010.01.10 N 1-29/9 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы 3-тармағына сәйкес, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. 2009 жылғы қаңтар - наурызда Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған және бұрын тіркеуден өтпеген үлкен жастағы азаматтарды Ақсу қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Қала әкімінің осы шешімі ол ресми жарияланған сәттен бастап, он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қала әкімінің осы шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.
Қала әкімі О. Қайыргелдинов
КЕЛІСІЛДІ:
Ақсу қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы,
подполковник И. Жайлауов
19 желтоқсан 2008 жыл