Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту үшін қала ұйымдарында және кәсіпорындарында қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
2. 1- қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін.
3. 2- қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын ашуға қатыстырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі және оларды қаржыландырудың көздері бекітілсін.
4. Осы қаулының 1- қосымшасындағы 1, 2, 3- тармақтарында көрсетілген жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қатыстырылатын басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өткізілген конкурстардың қорытындылары бойынша анықталсын.
5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен жұмыс берушілер арасында келісімшарт жасарда қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен шарттары реттелсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А.Құрмановаға жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
Екібастуз каласы әкімі: Н. Нәбиев
КЕЛІСІЛДІ:
Павлодар облысы
Денсаулық сақтау басқармасының бастығы
2008 жылғы "25" желтоқсан Г. Аубанова
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 767\12 қаулысына
1 - қосымша
Қоғамдық жұмыс түрлерінің тізбесі
Р/сN |
Қоғамдық жұмыс түрлері |
1 |
Өңірдің елді мекендер аумағын көріктендіру, соның ішінде: |
1.1 |
аумақты қоқыстан қолмен тазалау бойынша жұмыстар |
1.2 |
аумақты қардан және көктайғақтан қолмен тазалау бойынша жұмыстар |
1.3 |
контейнер алаңдарынан қоқысты шығару және жинау, қатты-тұрмыстық қалдықтардың полигонында кезекшілік |
1.4 |
ұйымдастырылмаған қоқыстарды жою |
1.5 |
ескі үйлерді, бос ғимараттарды және тұрғын үйлерді консервациялау бойынша жұмыс қажеттілігі кезінде, оларды қолданыстан шығару |
2 |
Жолдарды, инженерлік коммуникацияларды жөндеуге, су құбырларын салуға қатысу, соның ішінде: |
2.1 |
көше-жол желілерін ұстау |
2.2 |
жергілікті маңызы бар жолдарды, жол желістерін ұстау |
3 |
Өңірді экологиялық сауықтыру, соның ішінде: |
3.1 |
саябақтарды және көшебақтарды ұстау, саябақ шаруашылығын және демалу аймақтарын сақтау |
3.2 |
көшебақтарды бөлу, ағаш отырғызу, ағаштарды қалыппен кесу және орнына келтіру, жасыл көшеттерді отырғызу және суару |
4 |
Республикалық және аймақтық қоғамдық компанияларды өткізуге қатысу |
4.1 |
қоғамдық пікірлердің сұрауын өткізу |
4.2 |
муниципалдық округтердегі тұрғындармен жұмыс |
4.3 |
халық санағына және ауыл шаруашылық санағына қатысу |
4.4 |
жедел топтардың құрамымен тұрғын-жай қорын тексеруге қатысу |
5 |
Халықтың бос уақытын ұйымдастыруға көмек, соның ішінде: |
5.1 |
Мәдени маңызы бар іс-шараларды өткізуге, мұз алаңдарын, қар қалашығын және балаларға арналған спорт алаңдарын салуға қатысу |
5.2 |
хоккей алаңдарын ұстау |
6 |
Жұмыстың басқа түрлері: |
6.1 |
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда кәсіпорындарға көмек көрсету |
6.2 |
жұмыс бойынша ұсыныммен дәрігерлік комиссия кеңесінің анықтамасы бар жұмыссыздар үшін арнайы қоғамдық жұмыстар |
6.3 |
есірткіге тәуелді азаматтармен жұмыс |
6.4 |
лифтілермен жабдықталған үйлердің кірешектерін тексеру, жинау және лифтілерді қажетті санитарлық жағдайда ұстау |
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 767\12 қаулысына
2 - қосымша
Ескерту. 2 қосымшаға өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009.03.30 N 159/4 қаулысымен
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қатыстырылатын
кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі
Р/сN |
Кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
Жұмыс көлемі |
Қоғамдық жұмыстардың талаптары |
Еңбек төлемінің көлемі |
Қаржыландыру көздері |
1 |
Ведомоствалық ұйымдар және мемлекеттік мекеме кәсіпорындары "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" |
Саябақтарды және көшебақтарды ұстау, саябақ шаруашылығын және демалу аймақтарын сақтау. Көшебақтарды бөлу, ағаш отырғызу, ағаштарды қалыппен кесу және орнына келтіру, жасыл көшеттерді отырғызу және суару. Мәдениет мағынадағы іс шараларды өткізуге, мұз алаңдарын және қар қалашығын және балаларға арналған спорт алаңдарын салуға қатысу; Хоккей алаңдарын ұстау |
Жұмыс берушінің тапсырысына сәйкес |
Кәсіпорындармен келісімшарттың негізінде |
Ең төменгі еңбекақының 1,5 мөлшері |
Қала бюджеті Жұмыс берушілердің қаражатынан |
2 |
Ведомоствалық ұйымдар және мемлекеттік мекеме кәсіпорындары "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім беру бөлімі" |
Жұмыс бойынша ұсыныммен дәрігерлік комиссия кеңесінің анықтамасы бар жұмыссыздар үшін арнайы қоғамдық жұмыстар |
Жұмыс берушінің тапсырысына сәйкес |
Кәсіпорындармен келісімшарттың негізінде |
Ең төменгі еңбекақының 1,5 мөлшері |
Қала бюджеті Жұмыс берушілердің қаражатынан |
3 |
Ведомоствалық ұйымдар және мемлекеттік мекеме кәсіпорындары Павлодар облысының денсаулық сақтау Департаменті (келісім бойынша) |
Есірткіге тәуелді азаматтармен жұмыс |
Жұмыс берушінің тапсырысына сәйкес |
Кәсіпорындармен келісімшарттың негізінде |
Ең төменгі еңбекақының 1,5 мөлшері |
Қала бюджеті Жұмыс берушілердің қаражатынан |
4 |
Ведомоствалық ұйымдар және мемлекеттік мекеме кәсіпорындары"Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі" |
Аумақты қоқыстан қолмен тазалау бойынша жұмыстары; Аумақты қардан және көктайғақтан қолмен тазалау бойынша жұмыстары; Контейнер алаңдарынан қоқысты шығару және жинау, қатты-тұрмыстық қалдықтардың полигонында кезекшілік; Ұйымдастарылмаған қоқыс орындарын жою; Оларды консервациялау бойынша жұмыс қажеттілігі кезінде ескі үйлерді, бос ғимараттарды және тұрғын үйлерді қолданыстан шығару; Көше жол жүйелерін ұстау; Жергілікті мағынадағы жолдарды, жол желістерін ұстау; Қоғамдық пікірлердің сұрауын өткізу; Муниципалдық округтердегі тұрғындармен жұмыс; Халық санағына және ауыл шаруашылық санағына қатысу; Жедел топтардың құрамымен тұрғын-жай қорын тексеруге қатысу; Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда кәсіпорындарға көмек көрсету |
Жұмыс берушінің тапсырысына сәйкес |
Кәсіпорындармен келісімшарттың негізінде |
Ең төменгі еңбекақының 1,5 мөлшері |
Қала бюджеті Жұмыс берушілердің қаражатынан |
5 |
Ведомоствалық ұйымдар және мемлекеттік мекеме кәсіпорындары "Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" |
Мәдениет мағынадағы іс шараларды өткізуге, мұз алаңдарын және қар қалашығын және балаларға арналған спорт алаңдарын салуға қатысу; Хоккей алаңдарын ұстау |
Жұмыс берушінің тапсырысына сәйкес |
Кәсіпорындармен келісімшарттың негізінде |
Ең төменгі еңбекақының 1,5 мөлшері |
Қала бюджеті Жұмыс берушілердің қаражатынан |
6 |
"Экибастузлифт" ЖШС |
Үйлердің лифтпен жабдықталған подъездерін тексеру, Лифттерді жинау және санитарлы жағдайда сақтау жұмыстары |
Жұмыс берушінің тапсырысына сәйкес |
Кәсіпорындармен келісімшарттың негізінде |
Ең төменгі еңбекақының 1,5 мөлшері |
Қала бюджеті Жұмыс берушілердің қаражатынан |
7 |
"Су Солнечный" МКК |
Аумақты қоқыстан қолмен тазалау бойынша жұмыстары; Аумақты қардан және көктайғақтан қолмен тазалау бойынша жұмыстары; Контейнер алаңдарынан қоқысты шығару және жинау, қатты-тұрмыстық қалдықтардың полигонында кезекшілік; Ұйымдастарылмаған қоқыс орындарын жою; Оларды консервациялау бойынша жұмыс қажеттілігі кезінде ескі үйлерді, бос ғимараттарды және тұрғын үйлерді қолданыстан шығару; Көше жол жүйелерін ұстау; Саябақтарды және көшебақтарды ұстау, саябақ шаруашылығын және демалу аймақтарын сақтау. Көшебақтарды бөлу, ағаш отырғызу, ағаштарды қалыппен кесу және орнына келтіру, жасыл көшеттерді отырғызу және суару |
Жұмыс берушінің тапсырысына сәйкес |
Кәсіпорындармен келісімшарттың негізінде |
Ең төменгі еңбекақының 1,5 мөлшері |
Қала бюджеті Жұмыс берушілердің қаражатынан |