Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 және 20 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру бойынша шаралар туралы" N 836 қаулысының 11-тармағы негізінде, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде N 12-3-215 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпандағы N 7 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) N 767/12 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) келесі өзгеріс енгізілсін:
1) Қаулының 2-қосымшасындағы 5-бағанда барлық мәтін бойынша "Ең төменгі еңбекақы" сөздері "ең төменгі еңбекақының 1,5 мөлшері" санына және сөздеріне ауыстырылсын.
2. Осы Қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А. Құрмановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев