Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХ сессиясының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі N 356 шешімімен.
IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХ сессиясының "Жерге салық салу мақсаты үшін салық ставкаларына түзету коэффициенттерін және жерлерді бағамдық аймақтандыру схемасын бекіту туралы" 2007 жылғы 5 маусымдағы N 350 (нормативтік құқық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 749 рет санымен 2007 жылдың 11 шілдесінде тіркелген, 2007 жылдың 4 тамызында "Алматы ақшамы" газетінің N 90 нөмірінде және 2007 жылдың 4 тамызында "Вечерний Алматы" газетінің N 195 нөмірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген 2 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
IV сайланған Алматы
қаласы мәслихаты
кезектен тыс
XIІ сессиясының
төрағасы Б. Оспанов
IV сайланған Алматы
қаласы мәслихатының
хатшысы Т. Мұқашев
ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының кезектен тыс
XІІ сессиясының 2008 жылғы
20 тамыздағы N 138 шешіміне
қосымша
Салық салу мақсатында Алматы қаласын
аймаққа бөлу бағалау схемасы
РҚАО ескертуі: схеманың қағаз нұсқасын Алматы қ. қараңыз