Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2010.04.16 N 432 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" N 2247 Заңының 20 бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы" N 215 қаулысына (2005 жылғы 15 cәуірдегі мемлекеттік тізілімде тіркелген N 1578, 2005 жылғы 6 мамырдағы "Добрый вечер" газетінде жарияланған) қала әкімдігінің 2005 жылғы 26 қазандағы "Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы" N 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 1342 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (2005 жылғы 2 желтоқсандағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-28, 2006 жылғы 10 ақпандағы "Проспект СК" газетінің N 6 санында жарияланған), қала әкімдігінің 2007 жылғы 22 ақпандағы "Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы N 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 226 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (2007 жылғы 19 наурыздағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-64, 2007 жылғы 30 наурыздағы "Проспект СК" газетінің N 13, 2007 жылғы 6 сәуірдегі "Қызылжар нұры" газетінің N 14 сандарында жарияланған), қала әкімдігінің 2007 жылғы 14 маусымдағы "Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы" N 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 751 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен ( 2007 жылғы 20 шілдедегі мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-78, 2007 жылғы 3 тамыздағы "Проспект СК" газетінің N 31, 2007 жылғы 3 тамыздағы "Қызылжар нұры" газетінің N 32 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесіндегі:
5 тармағының:
1) тармақшасы алынып тасталсын;
Аталған ереженің N 2 қосымшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә. З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Қала әкімінің м.а. Т. Құлжанова