Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2010.04.16 N 432 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы" N 215 қаулысына (әділет органдарында 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 1578 мемлекеттік тіркеу, 2005 жылғы 6 мамырдағы "Добрый вечер" газеті) мынадай өзгертулер мен қосымшалар енгізілсін:
1) атаулы қаулымен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесінде:
1 тармақтағы "жергілікті маңыздағы" сөздері "санаторийлер мен пансионаттардағы" сөздерімен ауыстырылсын;
2) N 2 қосымшадағы "профилакторийдің" сөзінен кейін»"санаторийдің, пансионаттың" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарыққа шыққан күнінен соң күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қала әкімі