Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 10 қазандағы N 1688 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 қарашада N 13-1-144 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі N 595 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 03.04.2013 N 595 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 7-бабы 5-2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңының 31-бабы 1-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Қала әкімінің м.а.                         Т. Құлжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады